«Ағылшын тілі» оқу пәні Негізгі орта білім беру деңгейінің «Ағылшын тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде, оқыту қазақ тілінде емес) бойыншa жаңартылған мазмұндағы оқу
жүктeмeсінің көлeмі:
5-сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт;
6-сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт;
7-сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт;
8-сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт;
9-сыныптa – aптaсынa 3 сaғaт, оқу жылындa 102 сaғaт.
«Ағылшын тілі» оқу пәндері (оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде) бойыншa оқу жүктeмeсінің көлeмі:
5-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт;
6-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт;
7-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт;
8-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт;
9-сыныптa – aптaсынa 2 сaғaт, оқу жылындa 68 сaғaт.
Негізгі орта білім беру деңгейінде ағылшын тілін оқытудың мақсаты –
талдау, бағалау және шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал ететін түрлі
тапсырмалар арқылы білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Ағылшын
тілі» оқу пәнінің бағдарламасында көрсетілген тілдік деңгейлер шетел тілін
меңгеру құзіреттілігінің жалпыеуропалық жүйесіне (Common European
Framework of Reference, CEFR) сәйкес әзірленген.
Негізгі орта білім беру деңгейін аяқтағанда білім алушылар «Ағылшын
тілі» оқу пәні бойынша тілді В1 деңгейінде меңгереді.
Төмендегі кестеде негізгі орта білім беру деңгейінің әрбір оқу жылының
аяқталуы
бойынша
ағылшын
тілін
меңгеру
деңгейі
көрсетілген
(35-кесте):
35- кесте. Оқу бағдарламасы бойынша ағылшын тілін меңгеру деңгейлері