149
адамның көптеген іс-әрекеті үшін ғылыми-жаратылыстану білімінің
маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретіндей етіп құрылған.
Сабақ уақытында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді
жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді
зерттеушілік,
ойлау,
сөйлеу
және
коммуникативтік
дағдыларын
қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды
зерделеу арқылы білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды,
эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және
бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім
алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды
түсінуі үшін алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану
біліктерін дамытады.
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
49-кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: