Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет168/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   369
 
49-кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны  
Сынып 
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны 
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
5-сынып 




6-сынып 




 
«Жаратылыстану»  және  «География»  пәндері  бойынша  білім 
алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жөнінде ұсынымдар 
Жоспарлау  жұмысы.    2021-2022  оқу  жылында  «Жаратылыстану»  және 
«География»  пәндері  бойынша  онлайн  оқу  жағдайындағы  жіберілген  білім 
алушылардың  біліміндегі  олқылықтардың  орнын  толықтыру  және  жаңа  оқу 
жылының  оқу  бағдарламасын  меңгерту  бағытында  мақсатты  шараларды  жыл 
бойы жүргізу жолдары ұсынылады.  
2021/2022 оқу жылы басталғанға дейін білім алушылардың қашықтан оқу 
кезіндегі  олқылықтарының  орнын  толықтыру  үшін  мүғалім  өз  пәні  бойынша 
олқылықтарды жою мақсатында арнайы жоспар дайындағаны жөн.  
Оқу  басталысымен  білім  алушылардың  бағдарламаға  сай  тақырыптар 
бойынша түсінбеген тұстарын анықтап, сол тақырыптарды қайталау жолдарын 
қарастырып, олқылықтарды анықтау ұсынылады.  
  Білім  алушылардың  білімі  мен  дағдыларындағы  олқылықтар  қай 
деңгейде  және  қай  бөлімдерде  екенін  анықтап,  оны  қалай  толықтыруға 
болатынын алдын ала ойластыру қажет. 
Мектептер мұғалімдерге білімдегі олқылықтарды анықтауға және оларды 
жою стратегиясын енгізуге көмектесетін қолданыстағы бағалау тәсілін жасауға 
күш салуы керек. 
Жүзеге  асыру  жолдары.  Оқушының  оқу  мақсаттарын  қай  деңгейде 
білетінін  анықтау  үшін  тесттер,  сауалнамалар  немесе  қарапайым  әңгімелесу 
әдістерін қолдану ұсынылады.  
5-6-сыныптардың  білім  алушыларына  жаратылыстану  бағытында  білім 
беру,  олардың  жаратылыстану  ғылымына  деген  қызығушылығының  артуына, 
осы  жастағылардың  мүмкіндігіне  қарай  зерттеулер  жүргізудің  қарапайым 


150 
 
дағдыларын,  әлем  туралы  ой-өрістерін  кеңейтуге,  ғылымды  ұғыну  мен 
қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай 
және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі. 
«Жаратылыстану»  пәнінің  мақсаты  –  оқушыларға  еліміздің  табиғаты, 
табиғи  байлығы,  экономикасы,  «адам-адам»,  «адам-қоғам»,  «адам-табиғат» 
арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің 
әдіс-тәсілдерін  меңгерту  болып  табылады.  Осыған  орай  «Жаратылыстану» 
пәніне  «География»,  «Биология»,  «Химия»,  «Физика»  пәндеріне  өтпелі  пән 
ретінде  136  сағат  берілуі  пән  тарапынан  олқылықтар  жіберу  мүмкіндігін 
азайтады.  Бағалау  барысы  негізінен  мұғалімдердің  күнделікпен  жұмысы 
нәтижесінде  беріліп  отыр.  «Күнделік»  арқылы  мониторинг  қорытындысы 
республика  бойынша  қанағаттанарлық.  БЖБ  мен  ТЖБ  көрсеткіштерінің 
жиынтығы  ойландырады.  Сонымен  қатар  «Жаратылыстану»  пәнінде 
тәжірибелік жұмыстардың көбі орындалмады, себебі  үй жағдайында орындау 
қиындықтар тудырды. 
Жаратылыстану 
пәні 
бойынша 
5-6-сыныптардағы 
тәжірибелік 
жұмыстарды  апта  соңында  қосымша  жүргізу  арқылы  білімдегі  олқылықтың 
орнын толықтыра аламыз.  
Табиғаттағы  физикалық,  химиялық,  географиялық  заңдылықтарға 
байланысты  6-сыныпта  қарастырылатын  тақырыптардың  бастапқы  түсініктері 
беріледі.  Жаратылыстану  ғылымына  тек  6-сынып  материалдарын  игерген  соң 
нақтылы  химия,  физика,  биология,  география  бағытындағы  мазмұны 
қарастырылмақ. 
Жаратылыстану  бағытындағы  пәндердің  зертханалық  және  тәжірибелік 
жұмыстарының өз деңгейінде орындалуына көңіл бөлу ұсынылады.  
Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың 
орнын  толықтыру  үшін  оқытуды  ұйымдастырудың  бірнеше  әдістері 
ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет