Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет190/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   369
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Адам  және  қоғам»  білім  беру  саласының  оқу  пәндерінің  мазмұны 
«Қазақстан  тарихы»,  «Дүниежүзі  тарихы»,  «Құқық  негіздері»  және  «Өзін-өзі 
тану» оқу пәндерінде іске асырылады.  
«Адам  және  қоғам»  білім  беру  саласының  мазмұны  білім  алушыларда 
«Адам  –  Қоғам»  жүйесі  шеңберінде  қоғамдық-гуманитарлық  ғылымдар 
бойынша білім негіздерін қалыптастыруға бағытталады.  
 
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері  
Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:  
  білім  алушыларда  тарихи  сананы,  толеранттылық,  өз  елі  және  басқа 
елдердің  тарихы  мен  мәдениетіне  құрмет  көрсетуді,  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  жалпыадамзаттық,  ұлттық  және  жалпыадами  құндылықтарды 
қалыптастыруға, ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамытуға; 
  білім  алушыларды  ұлттық  және  әлемдік  мәдениет  жетістіктеріне 
тарту,  қазақ  халқының  мәдени  және  тарихи  мұрасының  құндылығы  мен 
ерекшелігін түсіну,  мәдени әртүрлілікті бағалау қабілеттілігін қалыптастыруға 
бағытталған.  
2021/2022  оқу  жылында  «Қазақстан  тарихы»  және  «Дүниежүзі 
тарихы»  оқу  пәндері  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастыруда  келесі  оқу 
бағдарламалары қолданылады: 
1.  ҚР  БҒМ    2019  жылғы  «26»  шілдедегі  №  334  бұйрығымен  бекітілген 
Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  5-9-сыныптарына  арналған  «Қазақстан 
тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. 
2.  ҚР  БҒМ  2019  жылғы  «26»  шілдедегі  №  334  бұйрығымен  бекітілген 
Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  5-9-сыныптарына  арналған  «Дүниежүзі 
тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.  
3.  ҚР  БҒМ  2020  жылғы  «27»қарашадағы  №  496  бұйрығымен  бекілген 
Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  7-9-сыныптарына  арналған  «Қазақстан 
тарихы»  пәнінен  оқу  жүктемесі  төмендетілген  үлгілік  оқу  бағдарламасы 
«Қазақстан 
тарихы», 
«Дүниежүзі 
тарихы» 
пәндері 
бойынша 
оқу 
бағдарламасының  білім  мазмұны  хронологиялық  реттілікпен  берілген  (көне 
дәуірден  бүгінгі  күнге  дейін)  және  әлеуметтік  қатынастардың  дамуы, 
мәдениеттің  дамуы,  мемлекеттің  дамуы,  экономикалық  даму  бөлімдерін 
қамтиды.  
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:  

тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу 
материалдарын  қайталамауға  және  Қазақстан  тарихын  әлемдік  тарихи 
процестер контексінде қарастыруға мүмкіндік береді; 

тарихи ойлау дағдыларын (тарихи процестер мен құбылыстарды зерттеу, 
талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған; 

білім  алушыларда  тарихи  сана,  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 
құндылықтарды дамытуға  септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше 
көңіл бөлінген. 


181 
 
«Қазақстан  тарихы»,  «Дүниежүзі  тарихы»  пәндері  бойынша  оқу 
бағдарламасының  басты  мақсаттарының  бірі  –  оқушылардың  бойында  тарихи 
ойлау  дағдыларын  қалыптастыру  мен  дамыту  болып  табылады.  Сондықтан 
сабақта  оқушылардың  «тарихи  ойлау»  дағдысын  қалыптастыруға  мүмкіндік 
беретін  түрлі  әдіс-тәсілдерді  (белсенді  және  проблемалық  оқыту  әдістері, 
зерттеу,  жоба  әдістері  т.б.)  қолдану  ұсынылады.  «Тарихи  ойлау»  өткен 
заманның  кез-келген  құбылысын  сол  заманның  контекстінде,  бұрын  болған 
және  кейінгі  тарихи  оқиғалармен  өзара  байланысында  көру,  анықтау,  бағалау, 
талдау қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа 
қатысты  білім  мен  түсінікке  негізделген  өзіндік  дәлелді  ұстанымды 
қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп 
кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.  
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерін тарихи түсініктер 
негізінде оқыту ұсынылады: 
Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:  
1)  өзгеріс  және  сабақтастық  (мысалы,  белгілі  тарихи  кезеңде  қоғам 
қаншалықты өзгеріске ұшырады); 
2)  себеп-салдар  (мысалы,  белгілі  тарихи  кезеңде  қандай  маңызды 
факторлар саяси үдерістерге әсер етті);  
3)  дәйек  (белгілі  тарихи  кезеңнің  өнері  бізге  құндылықтар,  наным-
сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);  
4)  ұқсастық  пен  айырмашылық  (мысалы,  XIII-XV  ғғ.  Қазақстан 
территориясындағы  мемлекеттердің  саяси  құрылысындағы  ұқсастықтар  мен 
айырмашылықтар);  
5) маңыздылық  (мысалы,  Қазақ  хандығының  құрылуының  тарихи 
маңызы неде);  
6) интерпретация 
(мысалы,  белгілі  бір  тарихи  оқиғаны  түрлі 
зерттеушілер қалай сипаттайды).  
Тарихи  түсініктер  негізінде  оқыту  тарихи  оқиғалардың  мағыналары  мен 
маңыздылығын,  үдерістер  мен  оқиғаларды  «тез  түсінуге»  бағытталған,  бұл 
пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.  
Тарихи  түсініктерге  сүйене  отырып,  тарихи  материалдарды  талдауды 
жүзеге  асыру  ұсынылады.  Нәтижесінде  білім  алушылар  тек  қана  пәндік 
материалды  ғана  емес,  зерттеу  процестері,  дағдылар  және  біліктермен 
байланысты  әдістерді  игереді  (материалдарды  жинау  мен  реттеу  әдістері, 
сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені 
қоя  білу  білігі,  сәйкестендіру  әдістері  мен  дереккөздерді  сыни  бағалауы, 
зерттеу  жоспарларын  әзірлеу,  материалдарды  жинақтау  және  нәтижелерді 
тексеру).  
Белгілі  бір  тарихи  концептілерге  негізделген  оқыту  нақты  оқу 
материалының  негізінде  оқушылардың  бойында  тарихи  ойлау  дағдыларын 
қалыптастыруға  және  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Мұндай  әдіс,  зерттеуге 
негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.  
Сондықтан  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  әр  тақырыптан  кейін 
зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді 


182 
 
жоспардағы  тақырыптар проблемалық сұрақтар  түрінде  құрастырылған.  Оның 
басты  себебі  –  кез  келген  тақырып  оқушыларды  бірден  ойландырады  және 
оқушыларды  сын  тұрғысынан  ойлауға,  проблемалық  сұрақ  қоюға,  өздігінен 
талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.  
 
 
2021-2022  оқу  жылында  5-9-сыныптар  арасында  «Қазақстан  тарихы»,  «Дүниежүзі 
тарихы»  оқу  пәні  мазмұнының  сабақтастығын  және  хронологиялық  кезеңділікті 
сақтау  мақсатында  9-сыныпта  (Қазіргі  заман  тарихы:  XX  ғасырдың  екінші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет