Жүзеге асыру және талдау жұмысы(оқу жылы бойы) 15 Пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді сабақ жоспарымен сабақты ұйымдастыруарқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын
толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу
16 Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы
оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол
жеткізу
17 Жаңа сабақтан бұрын сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру арқылы оқушылардың
біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол жеткізу
18 Каникул күндерінде кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын
толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу
19 Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес өткізу кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы
оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру
20 Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижелерін: - диагностикалық бақылау жұмысының талдамалық есебін;
- тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін
әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте; - бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін
әдістемелік бірлестікте; -
оқу жылының қорытындысы бойынша талдамалақ есепті әдістемелік бірлестікте және педагогикалық кеңесте талдау және талқылау
Осы реттілікпен 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәннің оқу
бағдарламасы бойынша өткен оқу жылдарының оқу мақсаттарына жаңа оқу
жылындағы сәйкес келетін оқу мақсаттарын анықтау қажет.
«Қазақ тілі» пәні бойынша 10-сынып білім алушыларының 9-сыныптағы
біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында сол сыныптағы
күрделі оқу мақсаттарын кіріктіре отырып меңгерту ұсынылады. Ол үшін
мұғалім 9-сыныптағы оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша
әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізуі тиіс.
9-сыныптың оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша білімінде
олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың
күрделілік реті анықталады. Мысалы, қандай да бір оқу мақсатын меңгермеген
оқушылардың саны көп болса, сол тақырып ең күрделі болып есептеледі.
Тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны аз болса, ол тақырыптың
күрделілігі төмен болып есептеледі.
Осы олқылықтардың орнын толықтыру үшін төмендегі жұмыс түрлерін
ұйымдастыру ұсынылады.