292
ұғымы мен рөлін түсіндіру оқу мақсатын тапсырмаларда кіріктіріп беру
ұсынылады;
11-сыныпта 11.3.1.1 келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай
отырып мазмұнын түсіндіруде 10.3.1.3 азаматтық құқық субъектілерін анықтау
және 10.3.1.4 азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша
ажырата білу оқу мақсаттарымен кіріктіру ұсынылады.
Сонымен қатар «
Құқық негіздері» пәні бойынша білім алушылардың
біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша
қосымша сабақтар,
шағын топтармен жұмысты ұйымдастыру кезінде оқу пәндері бойынша
келесі тақырыптарды меңгерту ұсынылады:
- «Құқықтық мемлекет ұғымы және принциптері»;
- «Адам құқықтары ұғымы және оның негізгі түрлері»;
- «Қылмыстық құқық бұзушылықтар және қылмыстық жауапкершілікке
тартылатын адамдар».
Білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша жұмысты
ұйымдастыру кезінде белсенді оқыту әдістерін (кейс-технологиялар,
графикалық органайзерлер, имитациялық ойындар) және интерактивті
(кластерлер, пікірталастар, дебаттар) қолдану ұсынылады.
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық
өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым-
қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын
әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: