296
басшылар, маркетологтар, зерттеушілер сияқты өз стартаптарымен жұмыс
істейтін болады. Оларға өз клиентін зерттеуге, өз өнімінің прототипін жасауға,
серіктестерді табуға және т.б. көптеген әрекеттер жасауына тура келеді.
Оқушылар тапсырмаларды алып, оны орындау уақытын білетін болады.
Басқа ешқандай шектеулер жоқ. Қандай өніммен айналысу керек, оны
жылжыту үшін қандай әлеуметтік желіні таңдаса жақсы болады, олардың
бизнесі үшін кім үздік серіктес болып табылады және т.б. осы секілді
сұрақтарға алдын ала қайсысы «дұрыс» екеніне нақты жауап берілмейтіндіктен,
мұндай тәсілде «дұрыс» - «дұрыс емес» позициясынан соңғы нәтиже емес,
командалық жұмыс, команда мүшелерінің жобаға тартылу дәрежесі, олардың
көрсеткен күш-жігері мен ынтасы, олардың іс-әрекеттерінің жалпы бағыты мен
қисындылығы бағаланады.
Нақты мәселеге шоғырлану оқушыларға қысқа уақыт ішінде зерттелетін
мәселенің көптеген қыр-сырын білуге мүмкіндік береді, осылайша, осы
әдістеме бойынша егер нақты нұсқаулықтар, жұмысты бағалау критерийлері,
шектеулі уақытты беріп, бірақ оны жұмыс стилінде және тәсілде шектемесе кез
келген адамды белгілі бір жұмысқа дайындауға болады.
Жобалық жұмыс оқушыларға материалдың едәуір бөлігін қамтуға, өз
жобасын жасау арқылы жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Әдістің
артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:
Командалық жұмыс. Оқушылар болашақта университет пен жұмыста
қажет болатын командада жұмыс істеуді үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: