322
Әр күннің жұмыс жоспарын құру кезінде жазғы сабақтардың кестесін жазғы
лагерьдің сауықтыру іс-шараларымен біріктіре отырып құрастыру ұсынылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды қамтамасыз ету
Жазғы мектепте сабақтарды ұйымдастыру кезінде барлық қажетті
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды қамтамасыз ету қажет (медицина
қызметкерлерінің сабақ алдында білім беру процесіне қатысушылардың
температурасын күн сайын өлшеуі; дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және
басқа да үй-жайларда ауысымдар арасында ылғалды жинау жүргізу; бетперде кию
және басқалар).
Жазғы мектепте тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға
байланысты ұйымдастырылады. Асханалардың жұмысы санитарлық ережелер мен
нормалардың талаптарын сақтай отырып, кесте бойынша ұйымдастырылады.
Білім беру процесіне қатысушылардың функциялары
Жазғы мектептің қызметін тиімді ұйымдастыру үшін білім беру процесінің
барлық қатысушыларының (басшы, басшының орынбасары, педагогтер,
психологтар, медицина қызметкерлері және т.б.) жауапты жұмыстарын нақты бөлу
қажет.
Білім беру ұйымының басшысы жазғы мектептің қызметін үйлестіруге,
бақылауға, әкімшілік және педагогикалық құраммен және басқа да
қызметкерлермен оқыту процесін ұйымдастыру және санитарлық қағидалар мен
нормаларды сақтау бойынша нұсқама беруге жауапты болады.
Білім беру ұйымы басшысының орынбасары білім алушылардың ата-
аналарынан/заңды өкілдерінен өтініштер қабылдайды; оқу жетістіктерін бағалауды
талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейін диагностикалау
қорытындылары бойынша білім алушылардың сараланған топтарын құрады;
педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінде пәндер бойынша неғұрлым күрделі
тақырыптарды таңдау және олардың санын талқылауды және т.б. ұйымдастырады.
Мектеп психологтары білім алушыларға психологиялық қолдауды
қамтамасыз етеді; білім алушылар мен олардың ата-аналары/заңды өкілдері үшін
консультациялар өткізеді.
Жазғы мектепті тиімді ұйымдастыру пандемия салдарынан білім сапасының
төмендеуін қалпына келтірудің бірі жолы болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: