Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Арнайы мектеп оқушыларын бағалау жүйесі



Pdf көрінісі
бет332/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   369
 
Арнайы мектеп оқушыларын бағалау жүйесі  
Арнайы мектептер білім беру мазмұнының ерекшеліктері мен оқушылардың 
мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдағы  бақылау 
және аралық аттестаттау нысандарын, тәртібі мен кезеңділігін дербес айқындайды. 
Оқушылардың  оқу  нәтижелерін  бағалау  кезінде  оқу  жетістіктерін  бағалаудың 
критериалды  жүйесі  қолданылады.  Формативті  бағалау  процесінде  мұғалім 
оқушылардың  оқу  материалын  меңгерудегі  қиындықтарын  анықтайды  және 
оларды  жеңудің  жолдарын  анықтайды.  Оқу  пәндері  бойынша  оқу  жетістіктерін 
бағалау  кезінде  арнайы  оқу  бағдарламаларында  немесе  әр  оқушының  жеке  оқу 
бағдарламаларында  ұсынылған  оқу  мақсаттарына  назар  аудару  қажет.  Мұғалім 
сараланған және/немесе жеке бақылау тапсырмаларын қолданады, сондай-ақ білім 
алушының  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  бағалау  критерийлеріне  өзгерістер 
енгізеді.  Ерекше  білім  беруді  қажет  ететін  білім  алушыларды  және  жеке  оқу 
бағдарламалары  бойынша  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттаудан  өткізу 
қажеттілігі  туралы  мәселені  білім  алушылардың  жеке  ерекшеліктеріне  сәйкес 
педагогикалық  кеңес  шешеді.  Арнайы  мектептерде  және  жалпы  білім  беретін 
мектептердегі  арнайы  сыныптарда  ерекше  білім  беруді  қажет  ететін  білім 
алушыларды  қорытынды  аттестаттаудың  емтихан  материалдарын  аудандық, 
қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді. Түзету компонентінің 
пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды. Жартыжылдық және оқу жылының 


348 
 
соңында  «Музыка»,  «Музыка  және  ән  айту»,  «Көркем  еңбек»,  «Бейнелеу  өнері», 
«Дене  шынықтыру»,  «Бейімделген  дене  шынықтыру»,  «Өзін-өзі  тану»,  «Жүріс-
тұрыс мәдениеті», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» 
пәндері  бойынша  «есептелінді»  («есептелінген  жоқ»)  қойылады.  Жеңіл  және 
орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау 
оқушыларға  сараланған  және  жеке  тәсілді  қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады. 
Сараланған тәсіл психикалық дамуы тежелген білім алушылардың педагогикалық 
(В.В. Воронкова бойынша) классификациясына негізделген. Жетістіктерді бағалау 
кезінде  әртүрлі  типологиялық  топтағы  оқушылардың  мүмкіндіктерін  ескере 
отырып,  деңгейлік  мақсат  қою  негізінде  критериалды  бағалау  жүйесі 
қолданылады.  Жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушылардың  жетістіктері  бес 
балдық  шкала  бойынша  бағаланады.  Нөлдік  және  1-сыныптарда  балдық  бағалар 
қойылмайды.  Оқытудағы  ілгерілеу  нәтижесі  оқушылардың  өнімді  іс-әрекетін, 
сөйлеу,  жазбаша  жұмыстар,  суреттер,  қолөнер  және  сабақтардағы  іс-әрекеттерді 
бақылау  деңгейін  талдау  негізінде  анықталады  және  сипаттамалық  сипатта 
болады.  Орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушылардың  жетістіктерін  бағалау 
кезінде  жеке  оқу  бағдарламаларында  ұсынылған  оқыту  мақсаттары  негізінде 
жүзеге  асырылатын  критериалды  сипаттамалық  бағалау  пайдаланылады.  (Ақыл-
есі  кем  адамдар  диагнозымен  білім  алушыларды  критериалды  бағалау  бойынша 
әдістемелік  ұсыныстарды  Ы.Алтынсарин  атындағы  ҰБА  www.nao.kz  сайтынан 
табуға болады.).  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет