351
8.
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУ
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қосымша білім беру балалардың қоғамдағы өмірге бейімделуі, олардың кәсіби
бағдарлануы, сондай-ақ,
ерекше қабілеттерін көрсеткен балаларды анықтау және
қолдау үшін жағдай жасайды.
Балалардың жан-жақты қажеттіліктері әлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-
техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, көркем-эстетикалық,
музыкалық, әскери-патриоттық, спорттық-сауықтыру және балаларға қосымша білім
берудің басқа да бағыттары бойынша қамтамасыз етіледі.
Балаларға қосымша білім беруді жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді
және республикалық, облыстық, қалалық (республикалық және облыстық маңызы бар
қалалар) және аудандық деңгейлерде жүзеге асырылады.
Балаларға қосымша білім беру мектептен тыс қосымша білім беру
ұйымдарында, мектепте, мектепке дейінгі ұйымдарда, колледждер мен жоғары оқу
орындарында, мәдениет, спорт ұйымдарында, жеке ұйымдарда бюджет қаражаты
есебінен, сондай-ақ ақылы қызметтер есебінен іске асырылады.
Мектептен тыс ұйымдардың ресурстары – сарайлар мен оқушылар үйлері,
орталықтар, кешендер, балалар шығармашылығы студиялары, жас техниктер
станциялары, туристер, натуралистер, балалар музыка, көркемөнер мектептері, өнер
мектептері, қызығушылық клубтары, спорт, сауықтыру, туристік базалар, лагерлер –
мектепте қолданылады – олардың филиалдары ашылады.
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығымен бекітілген балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары
қызметінің
Үлгілік
қағидаларында
(өзгерістер
енгізілуде),
Қазақстан
РеспубликасыБілім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы
№ 228 бұйрығымен бекітілген балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары
түрлері қызметінің Үлгілік қағидаларында айқындалған.
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалардың, отбасының
сұраныстарын білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың (оның ішінде балалар
мен жасөспірімдер) қажеттіліктерін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму
ерекшеліктерін,
ұлттық-мәдени
дәстүрлерді
ескере
отырып,
білім
беру
бағдарламаларын дербес әзірлейді.
Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 9-2) тармағына сәйкес білім беру
бағдарламасы оқытудың мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін
ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін
бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай
кешені ретінде әзірленеді.
353
балаға жеке тұлғаға бағытталған көзқарас, әркім үшін «сәттілік жағдайын»
құру;
жеке тұлғаның өзінің қабілетін іске асыруы, өзін-өзі тануы, өзін-өзі анықтауы
үшін жағдай жасау;
баланың сынама алу құқығын және таңдаудағы қателіктерді, өзін-өзі анықтау
мүмкіндіктерін қайта қарау құқығын тану;
баланың жеке басының қадір-қасиетіне нұқсан келтірместен өзінің даму
сатыларын көруге және осы дамуды ынталандыруға көмектесетін өзі таңдаған білім
беру бағдарламасының (қызмет түрі, білім саласы маңайында) шегінде баланың алға
жылжуының нәтижелілігін анықтаудың осындай құралдарын қолдану.
Осыған байланысты сауалнама жүргізу, балалар мен ата-аналарға ауызша
сауалнама жүргізу арқылы балалардың қажеттіліктері мен ынтасын зерделеу бойынша
жұмыс ұйымдастырылады. Содан кейін бір жастағы және әртүрлі жастағы балалар,
оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар қызығушылықтары бойынша
үйірме, секция, клуб, студия, ансамбль, топ, театр және өзге де бірлестіктерге
біріктіріледі. Топтардың қалыптасуы балалардың ерікті таңдауына негізделген.
Балаларға қосымша білім беруде балалардың
ғылыми-техникалық
Достарыңызбен бөлісу: