Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Қашықтан  оқыту  форматында  білім  алушыларға  жиынтық  бағалау



Pdf көрінісі
бет347/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   369
Қашықтан  оқыту  форматында  білім  алушыларға  жиынтық  бағалау 
тапсырмаларын ұсыну тәсілдері:  
1)  Мұғалім  жауап  берудің  нақты  күнін  көрсетеді  және  білім  алушыларға 
жиынтық  жұмыс  үшін  тапсырмаларды  электрондық  журнал  жүйесі,  интернет-
платформа, электрондық пошта, чат, теллеграммалар және басқа байланыс құралдары 
арқылы жібереді. 
2)  Интернет  болмаған  жағдайда  балалардың  оқу  тапсырмалары  мен  өзіндік 
жұмыстары санитарлық қауіпсіздік шараларын пайдалана отырып, үйге жеткізіледі. 
3)  Қажет  болған  жағдайда  мұғалім  білім  алушыларға  қолжетімді  байланыс 
құралдары арқылы кеңес береді. 
ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта, 
техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымдары  үшін  білім 
алушылардың  үлгеріміне  ағымдағы  бақылау,  аралық  және  қорытынды  аттестаттау 
жүргізудің  үлгілік  қағидаларына»  сәйкес  (ҚР  БҒМ  25.09.2018  жылғы  №  494 
бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) жартыжылдық 
және оқу жылының соңында  «Музыка», «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру», «Өзін-
өзі  тану»,  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздер»,  «Графика  және  жобалау»    пәндері 
бойынша «есептелінді» («есептелінген жоқ») қойылады. 
ҚР БҒМ-нің 2018 жылғы 09 ақпандағы № 47 бұйрығының 15-тармағына сәйкес 
«Музыка», «Көркем еңбек»,  «Дене шынықтыру», «Өзін-өзі тану», «Кәсіпкерлік және 
бизнес  негіздер»,  «Графика  және  жобалау»  пәндері  бойынша  жиынтық  бағалау 
жүргізілмейді. 
 
 
Шектеу  іс-шаралары  кезінде  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау 
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде 
орта  білім  беру  ұйымдарында  оқу  процесін  ұйымдастыру  жөніндегі  әдістемелік 
ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі (www.nao.kz сайтында қол жетімді). 
 


363 
 
Білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  жұмыс  дәптерлерін  пайдалану 
міндетті емес.  
Оқу жылының қорытындысы бойынша аралық аттестаттау өткізілмейді. 
Бағалау кезінде бірқатар талаптарды ұстану ескертіледі:  
1. Білім алушылар бағалау үдерісіне белсенді кіреді, соның ішінде сабақта 
үнемі өзін-өзі бағалау жүргізіледі. 
2. Білім алушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады. 
3.  Білім  алушының  жұмысы  басқа  оқушылардың  жұмыстарымен  емес, 
үздік орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.  
4.  Әртүрлі  формалар  мен  тапсырмалар  түрлері  пайдаланылады,  тамаша 
орындалған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамалары әзірленеді. 
5.Білім алушыларға бағалау критерийлері алдын ала белгілі. 
6.  Өзін-өзі  бағалау  білім  алушылардың  рефлексиясында  жеке  тұлғаның 
дамуының міндетті шартын білдіреді. 
7.  Білім  алушылардың  жетістіктерін  бағалау  үшін  формативтік  бағалау, 
БЖБ мен ТЖБ оқу тапсырмалары өткен (оқыған) тақырыптар, оқу мақсаттарын 
қамтуы тиіс. Бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.  
Оқыту мақсатының тұжырымдамасында білім алушылардың іс-әрекеттері 
көрсетілген: бақылау, талдау, салыстыру, елеулі белгілерін бөлу, тану, анықтау, 
моделдеу, түсіндіру және т.б.    
Оқу  жетістіктерін  бағалау  критерийлері  білім  алушыға  өзінің  дайындық 
деңгейін педагог қоятын талаптармен байланыстыруға, педагогке оқу процесін 
түзетуге және жұмыстың қиындық деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. 
8.  Білім  алушылармен  бірге  оқу  жетістіктерін  бағалау  және  өзін-өзі 
бағалау үшін критерийлерді әзірлеуі мүмкін. 
9.  Оқу  тапсырмаларын  таңдау  және  оқушылардың  сабақ  барысында  өз 
оқу жетістіктерін өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруды ойластыру маңызды. 
10.  Сабақта  білім  алушыларға  өзін-өзі  бағалау  және  өзара  бағалау  үшін 
мүмкіндік беру, өз қателіктерін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.  
Мұғалім  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  критерийлерін 
таңдауда және әзірлеуде еркін.   
1.  Диагностикалық 
инструментарий 
тек 
қана 
бақылаушы, 
диагностикалаушы  емес,  сонымен  қатар  оқыту  және  тәрбиелеу  функцияларын 
орындайтын тапсырмаларды қамтуы тиіс: 
-  тапсырмалар  білім  алушыға  жаңа  ақпараттың  белгілі  бір  көлемін  бере 
алады. Мысалы: «мәтінді пайдалана отырып, неге Арал теңізінің түбі тұзды 
шөлге айналатынын түсіндір. (4 ұсыныстан артық емес)»; 


364 
 
- тапсырмалар оқушының іс-әрекеттің жаңа сұлбасын құруын болжайды, 
мысалы:  «тапсырманы  шамалардың  еселік  қатынасына  келтіріңдер  («көп» 
«немесе»  аз «қарым-қатынасын пайдалана отырып) және оны шешіңдер»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет