Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет57/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   369
 
5-кесте. Оқу дағдыларының нормалары  
 
Сыныптар 
І  
жартыжылдық 
ІІ  
жартыжылдық 
2-сынып 
40-45 сөз 
50-55 сөз 
3-сынып 
60-65 сөз 
65-70 сөз 
4-сынып 
75-80 сөз 
80-90 сөз 
 
Ескерту:  шылау,  одағай,  еліктеу  сөздер,  қос  сөздер  жеке  сөз  ретінде 
саналады.  Білім  алушылардың  оқу  техникасы  оқу  дағдысын  қалыптастыру 
бойынша одан әрі  оқыту алгоритмін құру үшін критерий болып табылатынын 
ескеру маңызды. 
Оқу  қарқыны  (жылдамдығы)  оқу  тәсіліне,  түсінуіне  және  мәнерлілігіне 
тікелей  байланысты  екенін  және  сол  арқылы  оқу  дағдысының  толыққанды 
қалыптасатынын есте ұстау қажет. 
Білім  алушылардың  дайындық  деңгейіне  байланысты  қажет  болған 
жағдайда,  мұғалімнің  таңдауы  бойынша  басқа  да  әдеби  шығармаларды  оқуды 
тізбеге  қосуға  болады.  Ол  шығармалар  білім  алушылардың  жас 
ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. 
«Әдебиеттік  оқу»  пәні  бойынша  мұғалім  түрлі  қосымша  жұмыстарды 
жүргізуі  мүмкін  және  тапсырмалардың  критерийлері  мен  дескрипторлары  да 
алдын  ала  дайындалады.  Мұғалім  шығармашылық  жұмыстарды  өткізу  кезеңі 
мен  түрлерін  өзі  анықтайды.  Төменде  ұсыным  сипатында  критерийлермен 
жұмыс жасаудың шамамен түрлері берілген (6-кесте).  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет