Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет86/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   369
 
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ  
 
«Жаратылыстану»  білім  саласының  мазмұнында  «Жаратылыстану»  пәні 
ұсынылады.  
 
«Жаратылыстану» оқу пәні  
Бастауыш  мектептегі  «Жаратылыстану»  пәні  оқу  бағдарламасының 
мақсаты әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан бейнесі 
туралы  білім  негіздерін  қалыптастыру  және  білім  алушылардың  зерттеу 
біліктері мен дағдыларын дамыту болып табылады. 
Оқу пәнінің бағдарламасы келесі міндеттерге жетуге бағытталған: 
1)  зерттеу,  ойлау,  коммуникативтік  дағдылар  мен  біліктерінің  негізін 
қалыптастыру; 
2)  техника  мен  технологияның  дамуына  елеулі  ықпал  еткен 
жаратылыстанудың маңызды идеяларымен, жетістіктерімен танысу; 
3) қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат 
көздерінен алынған жаратылыстану-ғылыми тұрғыдан маңызды және өмірлік 


75 
 
маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қолдана білу 
біліктерін меңгеру; 
4)  зияткерлік,  шығармашылық  қабілеттерін,  сыни  тұрғыдан  ойлау 
қабілетін  қарапайым  зерттеулер,  құбылыстарды  талдау,  жаратылыстану-
ғылыми ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту; 
5)  табиғат  заңдарын  тану  және  жаратылыстану  ғылымдарының 
жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану 
мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу; 
6)  күнделікті  өмірде  тіршілік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету,  заманауи 
технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау 
үшін  жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  білімдерін  қолдану  дағдыларын 
қалыптастыру. 
Жеке  тұлғалық  қасиеттердің  кең  ауқымды  дағдылармен  бірлесе 
дамытылуы  білім  берудің  «қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтық 
жауапкершілік»,  «құрмет»,  «ынтымақтастық»,  «еңбек  пен  шығармашылық», 
«ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты басты құндылықтарын білім алушы 
бойына сіңіруге негіз болып табылады. 
 
 
Үлгілік  оқу  жоспарының  түріне  байланысты  (жаңартылған  мазмұн  және 
оқу жүктемесі төмендетілген) 3-4-сыныптарда «Жаратылыстану» пәнін оқытуға 
бөлінген апталық оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (23-кесте). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет