«Көркем еңбек» оқу пәні «Көркем еңбек» – «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін
біріктіретін кіріктірілген пән.
«Көркем еңбек» кіріктірілген оқу пәні әртүрлі шығармашылық әрекеттің
түрлері барысында көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды
қалыптастыруға бағытталған.
Оқу пәні түрлі шығармашылық іс-әрекеттегі кеңістіктік-бейнелілік
ойлауын, шығармашылық ойлауын, рухани-адамгершілік мәдениетін, елесін,
қиялын және аңғарымпаздығын, жеке тұлғаның қалыптасуын және өз ойын
білдіруін дамытуға бағытталған.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
3) 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты;
4) 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық
ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау
қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, қиялы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен
нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.
Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін
әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың
материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың
АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл көркем
жұмыстарды жасау кезінде цифрлық компьютерлік технологияларды
пайдалану, слайдтық презентацияларды жасау дағдыларын дамыту,
шығармашылық
жұмысты
жасау
үшін
басқа
білім
алушылармен
ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу жәнет.б.
«Көркем еңбек» сабақтарында мұғалімнің өзі анықтайтын әртүрлі
көркемдік-шығармашылық әрекеттер қарастырылады. Бұл ретте көркемдік-
шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі:
- құрылымдау;
- бейнелеу;
- сәндеу әрекеттері міндетті түрде іске асырылуы қажет.
Мұғалім және білім алушылар әртүрлі жұмыс түрлерін орындау
барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін
сақтаулары қажет.
1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ
қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек.