Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет5/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен
ойлау, жазу мен тіл, жазу және коммуникация
сияқты   іргелі   ұғымдар   оппозициясында   қарауға   болады.
Жазудың доминанттық сипаты сөз институттары – мектеп,
университет, кеңсе, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)
–   мәдени   құндылықтарының   маңыздануынан   және   осыдан
келіп бүкіл оқыту (мектеп, университет), басқару (кеңсе), ойды
экс-плицитті түрде сыртқа  шығару (баспа өкілдері), хабарлау
(БАҚ)   жүйесінің   жазуға   негізделуінен   шығады.   Аудиалды
(радио, ау-диотаспа), видео-аудиалды (теледидар, бейнетаспа),
БАҚ-ның   өзінде   ақпараттық   хабарлар,   көркем   әдеби
бағдарламалар алды-мен жазуда жүйеленіп, сөйленеді.
Бір   қарағанда   ұялы   телефон,   бейнетелефон,   әліпбидегі   әріп-
терді пайдаланып ауызша сөйлеу формасымен интернет арқылы,
яғни   таңбаланған   ауызша   сөз   арқылы   сол  мезетте   хабар   алысу,
телефон   сияқты   әлеуметтік   құралдармен   жаппай   коммуникаци-
яланып, мәтіндерді (көркем әдеби, публицистикалық) оқығаннан
гөрі,   көру-есту   мүмкіндігі   мол   фильм,   телебағдарламаларды
тамашалаудың   артықшылығы,   уақыт   үнемділігі   білініп   отырған
ғасыр   жазудың   пәрменділігін   төмендетуі   де   мүмкін   сияқты.
Ғылыми-техникалық өркениеттің дамуы, сөйтіп, өзінің шығу не-
гізі – жазудың - кеңістік пен уақыт шегіне қарай коммуникация
құралы   болу   мүмкіндігін   қысқартып,   қосалқы   дәрежелілікке
тықсырып отырғандай. Алайда, жоғарыда айтқандай, мемле-кеттік
құрылыстың   дамуы,   бұқаралық   коммуникацияның   қар-қындауы
және   ақпараттар   тасқынының   күшеюі   жазудың   қосал-қы
қызметтерін жоғары деңгейге көтереді.
Саяси   құрылысты   басқару   жүйесінің   күрделілігіне   байла-
нысты жазудың факт, аргумент, дәлел болу қызметі бар. Бүгін-де
ресми құжаттар (мемлекеттік, заңи, құқықтық, нотариалдық) мен
ресми ісқағаздар “тірі адамның өзі” ретінде жүретін бол-ды. Біз
айтып тұрған ауызбен емес, қолындағы қағазымен


сөйлесетін   кезге   келдік.   Бұл,   бір   жағынан,   бүгінгі   қоғамның
“қағазбастылық”, “формалдылық” сияқты жағымсыз сипатына
да айналып барады.
Жазу – адамның жазба есі, жады болу қызметін атқарады.
Бұл   оқу-ағарту   (мектеп)   саласында   ауызша   үйретумен   қатар
жаздырып,   түсіндіруден   көрінсе,   кейін   жоғары   оқу   орнында
(ЖОО) тек жаздыру арқылы (лекция) түсіндіру немесе ауызша
түсіндірілгенді студент, аспиранттың өзі қағазға “түртіп” оты-
руынан байқалады. Жазудың жадылық қызметі қоғамның бұдан
басқа да салаларында кеңінен қолданылады.
Жалпы  жазу  термині   қазіргі   тіл   білімінде   мынадай
мағыналарда жұмсалады:
а) ойды, айтылған сөзді қағазға түсіру, таңбалау процесі; ә) 
осы процесс арқылы жазба мәтін құрау (хат жазу, арыз
жазу, ойды жазу арқылы сыртқа шығару); б) белгілі бір тілдің
жазба тілінде қызмет ететін графикалық
жүйе   (мысалы,   араб   жазуы);   в)   әліпби;   орфография;   жазба
тілжүйесі (қоғамдық таңба, тіл-
ді   реализациялайтын   жүйе);   г)   жазылған   дүниенің   сыртқы
формасы, қолтаңба (менің жа-
зуым   жаман   деген   мағынада);   ғ)   шығармашылықты   жүзеге
асыру (әңгіме жазу, өлең жазу,
диссертациялық еңбек жазу); д) музыкалық туындыны 
таңбалау (балет, опера жазу).
Бүгінде  қазақ   тіл  білімінде  жазу  термині  әліпби,  графика,
ор-фография,   жазба   тілұғындарын   түгел   қамтитын   кең
мағынада жұмсалады.
Қазақ жазуының бүгінгі келбеті мен болашағы қазақ тілінің
мемлекеттік   мәртебесіне   байланысты.   Осыған   орай   ресми
ісқағаздардың,   БАҚ-ның   қазақ   жазба   тілде   жазылуы,   ұлттық
ойлаудың   жазба   тілде   жарыққа   шыға   алуы   және   оның
болашақтағы   ғылыми-техника   прогресіне   төтеп   бере   алуы
“жазу”, “қазақ жазуы”, “жазба тілдің қалыптасуы”, “орфогра-
фия”   сияқты   түсініктерді   студенттерге   тереңдеп   түсіндіруді
қажет етеді.
Қазіргі   қазақ   тіл   білімінде   жазуды   сөздің   қағазға   түскен
көшірмесі деп тану басым, яғни акад. Л.С.Выготский айтқандай,
мектеп   оқушыларын   жазбаша   сөйлеуге   емес,   сөзді   жазуға
үйретеді,   сондықтан   белгілі   бір   дәрежеде   жазбаша   сөйлеуге
үйрету таза, көркем жазу деңгейінен әлі көтеріле қойған жоқ.
Осыған   орай   қазақ   тілінің   фонетикалық,   морфемдік,
лексикалық,   синтаксистік   жүйесі   ретінде   жазба   тіларқылы
нормаланған, әдеби тіл нормасы танылады. Ал ауызша сөйлеу
тілі   тіл   білімі   зерттеу  нысанынан   тыс   қалады.   Бірақ   жазу   –
сөздің әріп арқылы түскен көшірмесі – ауызекі тілдің өзі емес,
өзіндік деңгейлері бар, жүйелі құрылым екені ескерілмейді.
Оқу құралы негізінен, қазақ жазуының пәнін анықтау, қазақ
жазба тілінің деңгейлерін ауызша тіл деңгейлерімен салыстыру,
қазақ жазуының тарихи кезеңдерін саралау, жазба тілөз алды-
на жүйесі мен құрылымы бар тілдік таңба екенін студенттерге
өздігінен зерделетуге арналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет