Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


 ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет6/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

1. ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-дәріс. Жазудың маңызы мен қызметі
Жазу – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жа-
сауын  қамтамасыз  ету.  Өйткенi   жазу қоғамдық  қажеттiлiктен
туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың
дамып   жетiлуiн   ауызша   сөйлеу   тiлi   қанағаттандыра   алмады.
Сондықтан   жазудың   шығуы   ең   алдымен   қарым-қатынастың
маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.
Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнің
шектеулiлігі   және   уақыт   жағынан   шектеулiлігі.   Адамдардың
қоғамдық-саяси,   экономикалық   және   әлеуметтiк   қатынасында
жоғарыдағы   олқылықтарды   толтыру   үшiн   пайда   болған
жазудың миссиясы, бүгiнде қарап отырсақ, тереңде екен.
Тiлдiң даму тарихы тұрғысынан келсек, тiл адам санасында-
ғы ойды жарыққа шығарып, жазу ауызша айтылған ойды оп-
тикалық   құралдар   арқылы   визуалды   дүниеге   айналдырады.
Сонда   жазу   тек   қосалқы   қызмет   атқаратын   құрал   болып
табыла-ды. Алдымен аса маңызды қатынас құралы болған – тiл
ауызша   түрде   өмiр   сүрдi.   Талай   жүз   жылдықтар   бойы  басқа
қатынастың түрiн iздемедi. Сөйтiп, ойды жарыққа шығарудың
және   айнала-сына   қатынас   жасаудың   жалғыз   түрi   ауызша
сөйлеу   ғана   бол-ды.   Жазу   ендi   тiлдiң   осы   екi   қызметiнiң
көшiрме түрi ретiнде, қосалқы қызмет атқаруға келгендей. Оны
сызба ретiнде былай нобайлауға болады:
Тiлдiк сана ⇒ тiл ⇒ ауызша сөйлеу

жазу Үшінші мыңжылдықтағы жаңа 
технологиялар тасқыны,
ғылыми-техникалық прогресс, ақпарат таратудағы жаңа көздер,
қашықтық пен уақыт барьерін жеңетін жаңа техника түрлерін
ойлап табудың жоғары деңгейінде келеді. Осымен байланыс-ты
ауызша   коммуникацияның   жетілген   технологиялы   бүгінгі
кезеңінде   жазудың   адамзат   өркениеті   үшін   атқарар   қызметін
парықтаудың қажеттілігі бар. А.Байтұрсынұлы Біздің заман


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет