3-
қосымша
Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу
Оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері
құрастырылады, ол Б.Блум таксономиясы арқылы оқу мақсаттарына сәйкес ойлау
дағдыларының деңгейі бойынша жіктеледі.
Блум таксономиясын 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум
когнитивтік ортада педагогикалық оқу мақсаттарын болжайтын алты ойлау
дағдылары: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау арқылы топтастыруды
ұсынды.
Белгілі дағдыларды нақты анықтау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі
болып табылады. Ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың төңірегінде берілді (1-
кесте):
•
білу және түсіну;
•
қолдану;
•
жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау).
Достарыңызбен бөлісу: |