2-
қосымша
Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау туралы мұғалімнің рефлексияға қатысты
сұрақтары
Сабаққа дейін (жоспарлау)
•
Менің сабақ жоспарым оқу мақсаттарынан, нақты күтілетін нәтижелерден тұрады.
•
Мен білім алушылардың
қабілеті мен қажеттіліктерін анықтай аламын, мұны қалай
түсіндіруге болатыны туралы жоспарым бар.
Сабақта
•
Менің білім алушыларым сабақтың оқу мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін біледі.
•
Мен әуелі білім алушыларымның осы сабақтағы тақырып бойынша білім, дағды,
түсіну деңгейлерін анықтаймын.
•
Тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келеді.
•
Әр білім алушы өзі орындайтын тапсырмалардың бағалау критерийлерін, одан не
күтілетінін біледі.
•
Мен білім алушылардың тапсырманы орындау бойынша нәтижелерін сабақ
барысында, келесі сабақты жоспарлау кезінде пайдаланамын.
•
Мен білім алушылардың өз білімдеріне жауапкершілікпен қарауына, бір-бірінен
үйренуіне, нәтижелерін бағалай алуына мүмкіндік беремін.
•
Ашық сұрақтар білім алушылардың түсінгенін үнемі тексеріп отыру үшін
қолданылады.
•
Білім алушыларға сұраққа жауап беру кезінде ойлануға уақыт беріледі.
•
Мен білімін, түсінгенін тексеру үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін
қолданамын.
•
Мен білім алушылардың ілгерілеуін мониторингілеу үшін бағалау нәтижелерін тіркеп
отырамын.
•
Білім алушылардың өз жұмысын, өзінің ілгерілеуін бағалауға мүмкіндігі бар.
•
Бағалау нәтижелері білім алушылардың оқудағы олқылықтарын анықтау үшін
қолданылады.
•
Мен өз білім алушыларымның жұмысына сындарлы (конструктивті) кері байланыс
беремін.
Сабақтан соң
•
Мен талдаймын:
оқу мақсатына жетті ме, жетсе қалай?
не орындалды, нені орындау керек еді?
не орындалмады?
келесі жолы басқаша қалай жасауға болады?
нені қайталау қажет?
жоспарланған шарадан басқа білім алушылар тағы нені үйренді?
білім алушылардың барлығы оқу мен бағалау үдерісіне жұмылдырылды ма?
46