126
жалпы тәсілдер негізінде, мүмкіндігінше сырттай ғана еліктеуден қашқалақтай
отырып, атқара алатын кез келген жұмысқа, яғни... әрекеттерде мүмкіндігінше
ӛзіндік бет және ерік-жігер кӛрсетуге даярлау...» қажет деп санады. Баланың
ӛзіндік белсенді іс-әрекеті ұсынылған тапсырмаға деген ынтаның пайда
болуына, оны саналы қабылдауға, ойдағыдай нәтижеге жетуді қамтамасыз
ететін орындау мақсаты мен тәсілін ұғынуға тәуелді болады. Бұдан кейінгі
кезде қимыл-қозғалыстарды дамыту баланың шығармашылық белсенділік
кӛрсету мүмкіндігіне, оның педагогтық шығармашылық тапсырмаларын
орындауына байланысты (жаттығуларды ӛз бетімен ӛзгерту, оның нұсқаларын
жасау, жаңасын ойлап табу). Балалар алдында олардың шама-шарқы жетерлік
шығармашылық іс-әрекеттер мүмкіндіктерін ашып кӛрсету алғашқы
ұмтылыстарға тілектестікпен кӛңіл аударуды, жаңалық іздеуге үнемі
ынталандырып отыруды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: