Сабақ. Баға белгілеу- экономикалық КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ БағА Қызметі мен мәНІн түсіне білу



Дата22.12.2022
өлшемі17,7 Kb.
#58979
түріСабақ
Байланысты:
30 - сабақ


30-сабақ.БАҒА БЕЛГІЛЕУ- ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ БАҒА ҚЫЗМЕТІ МЕН МӘНІ

  • Экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәнін түсіне білу.

  • Бағаны қалыптастырудың құрылымын сипаттауды үйрену.

  • Баға саясатының мәнімен танысу.

  • Баға стратегияларына жыратуды үйрену.

Баға –экономикалық категория ретінде
Баға –тауарды немесе қызметті сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде назарға алынатын ең маңызды факторлардың бірі. Сонымен, баға дегеніміз не, оны тауарға қалай дұрыс белгілеу қажет және бұл шешім немен байланысты болады?
Осы сұрақтарға жауап беру үшін тауардың немесе қызметтің құны қалай қызметтің құны қалай анықталатыннын қарастырып көрейік. Жалпы мағынада, баға қандай да бір тауар мен қызметтерді өндіру мен сатуға арналған шығындармен және сатушының өнерімен айқындалады. Айталық, сіз сүт өндіресіз. Мұндай жағдайда өндіріске жұмсалатын шығындарға: сиырларды сатып алу және ұстау (олардың азығы, емі, тұрағы және т.б.), жабдықтарды сатып алу және орнату, ферма қызметкерлерінің жалақысы, мемлекеттік салықтар, шөлмектерге сүтті құю, осы шөлмектерді сатып алу, барлық көлік шығындары (фермадағы және зауыттағы электр қуаты, содан кейін қапталған сүтті дүкендерге жеткізу, оның жарнамасы, қаптаманың дизайны және т.б. жатады. Осының бәрі сүттің 1 литріне баға белгілеу кезінде ескерілуі тиіс, өйткені баға белгілеудің басты ережесі- өнім бағасы оны өндіру шығындарынан қымбат болуы тиіс, әйтпесе бизнес шығынмен жұмыс істейтін болады.
Тауардың немесе қызметтің құнын анықтаудың бірнеше тәсілі бар. Бастапқыда тағы да 40 жыл бұрынғы Кеңес Одағын елестетіп көрейік. Кеңес Одағының барлық идеологиясының негізінде коммунизм-әлеуметтік тепе-теңдікке (бай және кедей жоқ) және қоғамдық меншікке (жеке меншік жоқ,бизнес иелері жоқ және соның салдарынан жұмыс істейтиндердің барлығы ортақ игілікке жұмыс истейді) негізделген қоғамдық және эканомикалық құрылыс жатты. Коммунизм идеялары тарихи түрде марксизммен-неміс философтары жәнеэкономистері Карл Маркс (1818-1883ж.ж) және Фридрих Энгельс (1820-1895ж.ж)жасаған тығыз байланысты болды.Олардың қөзқарастары еңбек құнының теориясының пайда болуына алып келді-яғни тауар құны оның өндірісіне жұмсалған еңбек құнымен өлшенеді. Егер бір нарсе арзан болса,онда өнімді дайындау кезінде еңбек аз жұмсалды,ал қымбат болса- көп еңбек жұмсалған деп есептелді.
Күн деген және оның қалай белгіленетіні туралы мәселе көптеген экономистерді толғандырды.Сондықтан К.Маркс теориясымен қатар, нарықтық экономиканы қалыптастырған басқа да тәсілдер пайда болды.
Олардың бірі XIX ғасырдың соңында австриялық экономистер әзірлеген шекті пайдалылық теориясы болды. Ол теория негізінде, баға белгілеу үшін еңбек емес, тауардың пайдасы маңызды. Тауар неғұрлым пайдалы болса, соғұрлым қымбат тұрады. Дегенмен, оның санын да ескеру керек – егер бір нәрсе тым көп болса мұндай тауар өз құндылығын жоғалтады. Су құндылығына ешкім күмән келтіре алмады – онсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ ол тегін немесе дүкеннен шөлмекке құйылған суды өте аз ақшаға сатып аламыз. Алайда, егер шөлді жерде қалып қойып, суыңыз таусылмаса, онда өтіп бара жатқан саудагер сізден бір шөлмек су үшін 10 000 теңге сұрай алады.Және сіз ол бағаға келісуіңіз мүмкін. Енді су үшін ерекше өнім болады. Осылайша, шекті пайдалылық теориясына сәйкес, тауар клиенттерге қаншалықты қажет болса, оларды қаншалықты қанағаттандыруына қарай және нақты жағдайда нақты адамға қаншалықты қажет болғанына байланысты оның құны сонша тұрады.
Келесі теория – өндіріс шығындары теориясы – баға бірден екі факторды қамтиды: сатып алушылар тауар үшін қанша төлеуге дайын және сатушы қаншаға сатуға келісім береді. Бұл ретте өндірушінің бағасы шығын бағасынан артық болуы тиіс. Сондықтан, бұл баға шығын құнынан және сатып алушылар осы тауар үшін төлеуге дайын пайда мөлшерінен құрылады дегенді білдіреді.
Енді біз баға – тауар немесе қызмет құнының ақшалай көрінісі екенін түсіндік.
Нарықтық экономикада баға үшін қызметті атқарады. Біріншіден, сатып алушылар мен сатушылардың әрекеттерін бағыттайтын есепке алу қызметі (тауардың құны туралы ақпарат). Екіншіден, баға өндірісінің неғұрлым үнемді тәсілін және сұраныстың неғұрлым ұтымды әрекетін ынталандырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет