Баланың жүйке жүйесінің индивидуалды ерекшеліктері туралы. Сәби
жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін толық жүзеге
асыру үшін баланың орталық жүйке жүйесі дамуының педагогикалық ықпалды
іріктеуді және бүкіл оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды анықтайтын жас
шамалық заңдылықтарын зерттеумен есепке алып отырудың ерекше мәні бар.
Балалардың дамуы мен тәрбиеленуі заңдылықтарын зерттеген кеңес ғалымдары
баланың дүниеге жүйке жүйесінің туа біткен нышандарымен және
ерекшеліктерімен келетінін анықтады. Дегенмен, олар баланың психикалық
дамуының органикалық алғы шарттары ғана болғандықтан бұл дамудың сипаты
мен деңгейін алдын ала анықтамайды. Сондай-ақ әр баланың оның жүйке–
психикалық дамуының сенімді негізін құрайтын зор потенциалды
психофизиологиялық мүмкіндіктері болады (А.В.Запорожец). Сӛйтіп бір
жағынан, органикалық алғы шарттарды, екінші жағынан, потенциалды
мүмкіндіктерді ескере отырып, мейлінше жақсы педагогикалық жағдайлар
туғызу қажет. Бұл жағдайлар, ең алдымен, мақсатты бағыттағы тәрбие және оқу
жағдайында баланың организмі мен психикасына тікелей әсер етуге мүмкіндік
беретін дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі процесін кӛздейді. Баланың
жүйке жүйесінің туа пайда болған ерекшеліктерін және сыртқы әсерлердің
оның қалыптасуындағы жетекші рӛлін ескере отырып күн тәртібін дұрыс
ұйымдастыруды, оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етудің маңызы зор.
Эмоциялық жағымды жағдайдың балалардың және ересектердің балалармен
ӛзара қарым-қатынастардың бір қалыпты, ұстамды достық ықыласты болуының
айрықша мәні бар. Туа біткен алғы шарттардың белгілі бір маңызын, сонымен
қатар олардың ӛзгеру мүмкіндіктерін ескере отырып, мектепке дейінгі
педагогика тәрбие процесін бір жағынан жағымсыз қылықтарды бәсеңдетуге,
екінші жағынан жақсы нышандарды бағыттап отырады. Осыған байланысты
балалардың жүйке жүйесінің индивидуалды - типологиялық ерекшеліктеріне
үнемі назар аударып отыру қажет. Н.И.Красногорский: «Тәрбиеші мен мұғалім
үшін ӛз тәрбиеленушілерінің жоғары жүйке қызметінің типтерін белгілеп
алуының маңызы зор. Типтік ерекшеліктерді біле отырып, олар балалардың
жоғары жүйке қызметінің дамуын белгілі жолдармен шебер бағыттай алады
және ӛз кеңестерімен тиімді кӛмек кӛрсете алады», – деп жазды. Дене тәрбиесі
процесінде индивидуалды тұрғыдан қарауды жүзеге асыру, күн тәртібінің
мейлінше тиімді жағдайын, шынықтыруды, белсенді қозғалыс іс-әрекетін,
баланың эмоциялық-жағымды күйде болуын қамтамасыз ету мақсатында
балалардың типологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Шынықтыру шаралары
жүйке жүйесін нығайтады және оның қызметін жақсартады. Дене жаттығулары,
оның ішінде қозғалысты ойындар, белсенді қозғалысты іс-әрекеттер үшін
жағдай жасайды және эмоциалық ӛрлеу, қуат тудырады, қан айналымын
күшейтеді, жүрек жұмысын және мидың қанмен қамтамасыз етілуін
жақсартады, организімді жалпы сауықтыруға жәрдемдеседі. Тәрбиешінің
ойындар мен сабақтар процесінде құптай немесе тоқтам бере айтқан сӛзі
14
баланың психикасына әсер етеді: бір жағдайларда жағымды эмоция тудырады,
енді бірде ӛз қылығына қойылатын талапқа сәйкес шектеу қажеттігін ұғынуға
итермелейді. Балалардың жүйке жүйесінің индивидуалдық ерекшеліктері
әртүрлі екені белгілі. Біреулері мінез және іс-әрекеттегі ӛз ұстамдылығымен
ерекшеленеді, екіншілері шақар, ұстамсыз болады, ӛз эмоцияларын зорға
меңгереді, селқос, ӛзіне ӛзі сенімсіз балалар да байқалады. Соңғыларына олар
шешетін міндетті ойдағыдай аяқтаулары үшін кейде қосымша күш жұмсау және
үлкен ұйымшылдық талап етіледі. Дегенмен, бар күшті жұмылдырып қол
жеткен нәтиже ӛте жоғары болуы мүмкін. Сондықтан, педагогикалық
жағдайлар балаға қиыншылықты жеңуде қолдау жасауды қамтамасыз етуі, ӛз
күшіне деген сенімін арттыруға, себепші болу керек. Индивидуалды басшылық
әдістерін іріктеу мақсатында баланың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін анықтап
білу анасынан баланың туған күнінен бергі ӛмірі жайлы егжей-тегжейлі мәлімет
алуды (денсаулық жағдайы, сырқаттанған аурулары, жүре бастаған уақыты,
тілінің дамуы) талап етеді, сондай-ақ отбасы жағдайын, алған жарақаттарын,
баланың неге қызығатынын, оның неге үйірсек екенін, нені сүйіп
айналысатынын т. б. білу қажет. Тәрбиешінің осы жас шамасындағы топтың
күнделікті тіршілігі процесінде жасаған ӛз бақылауларының маңызы ӛте зор.
Барлық материалды талдаудан ӛткізу тәрбиешіге қажетті қорытындылар
жасауға және бала психикасының эмоциялық–жағымды күйін сақтауға,
саналуан белсенді іс-әрекеттерді дамытуға, ынта мен бейімділіктерді кӛрсетуге
жәрдемдесетін тәрбиелік ықпал жасау жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесінде баланың жеке адам ретінде жан-жақты дамуына әсерін
тигізетін айтарлықтай тиімді құралдар мен әдістер бар. Сабақтарда және басқа
қозғалыс іс-әрекеттерінде балаларда қозғала білушілік пен дағдылар ғана
жинақталмайды, сондай-ақ ақыл-ой қабілеті дамиды, адамгершілік қасиеттер,
эстетикалық талғам және еңбек дағдылары бойға сіңеді. Белсенді қимыл-
қозғалыс әрекетінде бала моральдық–еріктік қасиеттер кӛрсетуге–ойында батыл
болуға, қолға түсу қаупіне қарамастан, жолдасын құтқаруға ұмтылуға,
басқалармен ортақ міндеттерді орындауға жаттығады. Мұндай әрекеттерді
талай рет қайталау бірте-бірте бала санасында қажеттілік ретінде орын табады.
Тәрбиеші мен құрдастарының құптай бағалуы моральдық қанағат сезімін,
эмоциялық ӛрлеу, алдағы уақытта да ықыласын тудырады. Жасқаншақ баланың
жетекші рӛлдерді атқаруы, тәрбиешінің тапсырмасы бойынша белгілі бір
жаттығуларды балалардың бәріне түсіндіру және кӛрсету оны бірте-бірте
жасқаншақтықтан арылтады, ақыл-есті жұмылдырады, логикалық ойлауға
баулиды, сабаққа қызығушылығын тудырады. Бала неғұрлым кӛпшіл, бастама
кӛтергіш кӛңілді бола түседі. Ұстамсыз, бірақ менмен балалар сабақтар мен
ойындар процесінде бірте-бірте жалпыға бірдей талапқа бағына, неғұрлым
шыдамды, ұстамды, ұйымшыл бола бастайды, қызық тапсырмаларды
орындағанда кезек күте білетін болады.
Сӛйтіп, мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің негізгі міндеттері
- дені сау, кӛңілі шат, бастама кӛтергіш, айналасын бағдарлай, ӛзінің
құрдастарымен ынтымақтаса білетін мектепте оқуға және онан әрі
шығармашылық қызметке белсене кірісуге қабілетті бала тәрбиелеуге
15
бағытталған. «Адам денсаулығы жайлы, әсіресе, бала денсаулығы жайлы
қамқорлық - жай ғана санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелер кешені
емес, күн тәртібіне, тамақтандыруға, еңбекке, тынығуға қойылатын талаптар
жиынтығы емес. Бұл ең алдымен, бүкіл дене мен рухани күштердің жарасымды
толықтығы жайлы қамқорлық ...». Аталып ӛткен міндеттерді жүзеге асыру әр
баланың индивидуалды ерекшеліктерін арнайы зерттеу мен есепке алып
отыруды, оған деген ақ кӛңілді, ыждағатты қарым-қатынасты және осыған
байланысты орынды педагогикалық ықпалды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |