Қимыл-қозғалыс ойындарына сюжетті және сюжетсіз ойындар жатады.
Спорттық ойындар элементтері қолданылатын ойындарға жататындар –
волейбол, баскетбол, бадминтон, городки, столда ойналатын теннис, футбол,
хоккей.
Сюжетті қимыл-қозғалыс ойындары шартты формада ӛмірдегі немесе ертегі
оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында шығармашылықпен кӛрінетін ойын
образдары қызықтырады (құстар мен автомобиль, ұшқыштар, қасқыр мен
қаздар, маймылдар мен аңшылар).
Сюжетсіз қимыл-қозғалыс ойындары балаларды ӛздеріне түсінікті мақсатқа
жетуге жетелейтін, балалар үшін қызықты қимыл тапсырмаларынан тұрады.
Олар, ӛз кезегінде, ойындардың тоқтап жүгіру, ұстап алу және с.с. үлгілеріне
бӛлінеді; жарыс элементтері қолданылатын ойындар («Kімнің звеносы тез сапқа
тұрады», «Kім ӛз жалаушасына тез жетеді» т.б.); қарапайым эстафеталы ойын-
дар («Kім допты тезірек береді»); заттар қолданылатын ойындар (доптар,
шеңбер, серсо, секіргіштер, кегельдер) қимыл мазмұнына қарай ажыратылатын
ойындар (қимылдың басым түрі-жүгіру, секіру, лақтыру және с с.) . Сондай-ақ,
кішкентай балалар үшін қызықты ойындар да бар («Aлақан соғу», «Mүйізді
ешкі» және т. б.).
Достарыңызбен бөлісу: |