Қимыл-қозғалыс ойындары мен арнайы іріктеп алынған жаттығулардың арақатынасы. Қимыл-қозғалыс ойындары мен арнайы іріктелген жаттығулар
ӛзара байланысты: ойындағы қимыл дағдыларын жетілдіруді баланың қимыл
дағдысын шығармашылықлықпен қолдануға дайындығына тән үйрету
процесінің үшінші кезеңінің ӛзіндік жалғасы ретінде қарастыру керек.
Н.В.Потехинаның мәліметі бойынша, қимыл-қозғалыс ойындарын жүйелі түрде
үйрету балалардың арнайы іріктелген жаттығуларды үйрену кезеңінде игерген
шеберліктері мен дағдыларын одан әрі жетілдіруге жеткізеді. Қызықты
тапсырмаларды орындауға еліктеушілік балаларға ойын кезінде қимылдың
неғұрлым жоғары техникасын игеруге кӛмектеседі, ол нақ сол қимылдық
жаттығуда орындалатын дәрежесінен асып түседі. Қимылды жетілдіруге
ұмтылыс баланың ойын міндеттерін мүмкіндігінше жақсы орындауға және
табысқа жетуге ұмтылуы болып табылады. Сӛйтіп, ойын әрекеттері кезінде бала
ӛзі игерген қимыл дағдысын ӛз бетінше жаңа, неғұрлым күрделі жағдаятқа
(ситуацияға) бейімделумен ұштастыруға үйренеді. Кішкентайлар тобында ойын
жаттығулары үйрету мақсатында пайдаланылады. Балаларға нақты, олар үшін
қызықты тапсырмалар беріледі - «кӛпірдің үстімен жүру», «жылғадан секіріп
ӛту», «тысырлатпай, тышқандарша жүгіріп ӛту». Бұл жаттығулардың бәрі, ӛзінің
мәнін (жаттығу) сақтаумен бірге ойынға тән мәнерге ие және оларды балалар
ӛте құштарлықпен орындайды.