Ертеңгілік жаттығуды ӛткізу әдістемесі. Сауықтыру, тәрбие беру
міндеттерін жүзеге асыру үшін ертеңгілік жаттығу күн тәртібі бойынша
белгіленген дәл уақытында ӛткізілуі керек. Ертеңгілік жаттығу бірінші
кішкентайлар тобынан бастап енгізіледі. Жаттығуларды (кешендерін) іріктеп
алу және гимнастика жасау уақытының ұзақтығы әрбір жастағы топ
балаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, «Мектепке дейінгі
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарламамен» анықталады.