286
аттары жазылады. Жалпы дамытатын жаттығулар гимнастикада қабылданған
ереже бойынша жүргізіледі. Нақты жазу уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Mӛлшерлеу» бағанында қайталанатын жаттығулар олардың уақыты,
жүру, жүгіру, қашықтығы кӛрсетіледі. «Қарқын» бағанында орындалатын
жаттығулардың (баяу, тез) жылдамдығы кӛрсетіледі; егер жаттығу орташа
қарқынмен орындалатын болса, онда «орташа» сӛзі жазылмайды. «Tыныс алу»
бағанында дене жаттығуларын орындау кезіндегі дем шығару сәті мен тыныс
алу сипаты белгіленеді.
«Ұйымдастыру-әдістемелік
нұсқаулар»
бағанында
балаларды
ұйымдастыру, балалар мен тәрбиешілерді орналастыру, дене шынықтыру
құралдарының орналасуы ашып кӛрсетіліп, әрбір жаттығуды жүргізу
әдістемесіне ұсыныстар беріледі. Оның үстіне барлық анықтамалар;
түсініктемелер, кӛрсеткіштер, бұйрықтар, жарлықтар, есеп, кӛру сигналдары
түгелдей жазылады. Бұл бағанда сабақ уақытында балалар мен тәрбиешінің
отырған орнын кӛрсететін суреттер және сызықпен түсірілген бейнелер де
берілуі мүмкін. Тәрбиешінің тәжірибесі неғұрлым аз болған сайын, бұл бағана
соғұрлым толық толтырылады. Жұмысты алғаш бастаған тәрбиешіге дене
жаттығуларын оқыту әдістемесін толық жазып алған пайдалы. Мұнымен
барлық
қайталау
жаттығуларының
кӛрсеткіштері,
түсініктемелері
ойластырылып жазылады. Мысалы, денені жалпы дамытатын жаттығулар
бірнеше қайталанады, тәрбиеші қайталағанда балаларға қандай нұсқаулар беру
керек екенін жазып отырады. Егер қимыл-қозғалыс ойындары тӛрт рет
қайталанса, онда ойындарды қайталауда қандай анықтама берілетіні жазылады.
Егер тәрбиешінің тәжірибесі жеткілікті болса, онда ол сабақ барысын
ойластыра отырып, ең қажетті әдістемелік кезеңдерді қысқаша жазып отырады.
«Eскертулер» бағанында сабақ жүргізуге дейінгі болатын ӛзгерістерді
алдын ала кӛрсету керек. Мысалы, ауа температурасының ӛзгеруіне
байланысты жұмыс мӛлшерінің азаюы немесе кӛбеюі дене шынықтыру сабағын
жүргізгеннен кейін осы сабақ барысында болған ӛзгерістерді жазу, олардың
қандай себептермен болғанын кӛрсетіп, ескертулерді тіркеу және келесі
сабаққа жоспар-конспекті құрастырғанда ескеретін жағдайларды кӛрсету керек.
Ашық сабақтардың жоспар-конспектісін әдіскер немесе балабақшаның
меңгерушісі, дәрігер, музыка жетекшісі қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: