288
«Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар» бағанында ойынның бүкіл
барысы мен балаларды ұйымдастыру жазылады. Серуеннің, сергіту
минутының, шынықтыру процедурасының, дене тәрбиесі мерекелерінің және
мектепке дейінгі мекемелерде жүргізілетін дене тәрбиесінінің басқа да
түрлерінің жоспар-конспектісін осындай үлгіде құруға болады. Әдістемелік
жұмысты жоспарлай отырып, тәрбиеші әдебиеттерді оқу, ашық сабақтар
ӛткізу, педагогикалық кеңесте сӛйлеу, қабырға газетіне, ата-аналар мүйісіне
мақалалар беру, үйірмелер мен семинарларға, әдістемелік бірлестіктерге
қатысуды белгілейді. Бұдан басқа ашық сабаққа дайындалу, оны ӛткізу, ӛз
жұмысының, басқа тәрбиешілер жұмысының тәжірибесін қорытындылау,
педагогикалық оқуларда
баяндама дайындап, сӛйлеу маңызды.
Ӛз басының дене дайындығын жетілдірудің міндеттерін анықтаудың
маңызы да бұдан кем емес: оларды шешуге арналған құралдарды іріктеу ӛз
басының дене дайындығын жетілдірудің барлық формаларын жоспарлау
(спорт секцияларында айналысу т.б.). Ата-аналармен істелетін жұмыс та
жоспарлануға тиіс. Тәрбиеші ата-аналар жиналыстарының, баяндамалардың,
жеке және топтық әңгімелесулердің, кеңес берулердің тақырыбын анықтайды.
Оның үстіне, тәрбиеші ата-аналар үшін дәрістерді, баяндамаларды, ашық
сабақтарды, ата-аналар мүйісін, фотоальбомдарды безендіруді және
балалардың үйлеріне баруды белгілейді. Тәрбиешінің жоспарында балалар
емханасындағы емдік жаттығулар жӛніндегі кабинеттерімен, балабақша
балаларды дене жаттығуларымен айналысатын мәдени парктермен,
хауыздармен, балалардың спорт мектептерімен байланысы ӛз кӛрінісін табады.
Достарыңызбен бөлісу: