313
Мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері 1-сыныпта балаларға
қойылатын талаптарды жақсы білуге, сол талаптарға сәйкес мектепке дейінгі
ересектерді жүйелі оқуға дайындауға тиіс.
Балалар бақшасы мен мектептің арасындағы сабақтастық оқыту мен
тәрбиелеудің мазмұны бойынша да, оқу-тәрбие жұмысының әдістері, тәсілдері,
ұйымдастыру формалары бойынша да жүзеге асырылады. Бастауыш мектептің
мұғалімі оқудың тиімділігін арттыру үшін балалар бақшасында жиі
қолданылатын ойын тәсілдерін пайдаланады; балалар бақшасының тәрбиешісі
оқыту процесіне арнаулы оқу тапсырмаларын, жаттығулар енгізіп біртіндеп
оларды күрделендіреді, сол арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда оку іс-
әрекетінің алғы шарттарын қалыптастырады. Балалар бақшасындағы оқу оқыту
формасы ретінде мектептегі сабаққа негіз даярлайды. Балалар бақшасына
бармайтын алты жастағы балаларды мектептегі оқуға дайындау мектептердің
жанында ұйымдастырылатын дайындық сыныптарында жүзеге асырылады.
Еліміздің кішкентай азаматтарын тәрбиелеу мен оқыту тиімділігін арттыру
мақсатында үкіметіміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда «Жалпы білім
беретін мектептер жанындағы мектепалды сыныптары мен балабақшаның
мектепалды топтарына балалар қабылдау ұлғайтылсын», деген міндет
қойылды. Мектепке дейінгі мекемелердің практикасында балалар бақшасы мен
мектеп байланысының белгілі тәжірбиесі қалыптасқан. Бұл байланысты
орнатудың екі жолын бӛліп кӛрсетеді: балалар бақшасы мен мектептің педагог
ұжымдарының тығыз байланысы және мектеп жасына дейінгі балалар мен
бірінші сынып оқушыларының тікелей жақындасуы. Тәрбиешілер мектептің
бастауыш сыныптарындағы оқу-тәрбие жұмысының мазмұны (дене
шынықтыру бағытындағы) және ӛзіндік ерекшелігімен танысады, сӛйтіп
балалардың даму перспективасын анықтайды және оның мектеп талап ететін
дәрежеде болуын камтамасыз етеді. Ӛз тарапынан, мұғалімдер де балалардың
мектепке дейін алған білімі мен тәжірибесіне сүйену үшін балалар
бакшасындағы жүзеге асырылған тәрбиелеу, жалпы білім беру жұмысының
мазмұны туралы мағлұмат алады. Сабақтастық ұғымына берілген анықтамалар
ӛте кӛп. Әйтсе де, барлық анықтамалар бір мазмұнғы келіп тоғысады. Оған
кестеден кӛз жеткізуге болады (1- кесте).
Достарыңызбен бөлісу: