309
мүсін жасау, музыкалық аспапта ойнау,т.б.) қозғалыстардың дұрыс
орындалуын
қадағалайды. Балалардың тұлғасы ерекше кӛңіл бӛлуді талап етеді. Дене
жаттығулары отбасында әртүрлі формаларда ӛткізіледі: дене шынықтыру,
сабақтар (жекелеген, ұжымдық), қимыл-қозғалыс ойындары, шынықтырғыш
процедуралар, сергіту минуттары, орманға серуендеу, демалыс кештері,
мерекелер. Баланың дене тәрбиесін отбасында дұрыс ұйымдастыру үшін
балалардың денсаулығын, бала денесінің дамуы мен дене тәрбиесі дайындығын
ескере отырып, нақты міндеттерді белгілеп, дене жаттығуларын іріктеп, оларды
бүкіл жыл бойына бӛлген маңызды. Сабаққа қажетті киімді, аяқ киімді, дене
тәрбиесі құралдарын (велосипед, шаңғы, шана, самокат, спортроллер,
шығыршықты коньки, бадминтон, стол теннисі, городки, доп, секіргіш жіп т.б.)
ерте әзірлеп, бұған балаларды үйрету керек.
Мектепке дейінгі балаларға ата-
аналары олармен бірге шаңғымен жүргенде, коньки, шана тепкенде, теннис,
бадминтон, городки ойнағанда, жүзгенде зор ықпал жасап, үлгі кӛрсетеді. Ата-
аналар жаттығуды қалай жасау қажеттігін түсіндіріп кӛрсетеді, қозғалыс
шеберлігі мен дағдыны меңгеруде кӛмектесіп жеңілдетеді, балалардың кӛңіл
күйін бақылайды.
Денсаулық жағдайын, дененің дамуын, дене дайындығын
жылына 2-3 рет есепке алып отыру ұсынылады. Бұл мәліметтер дене тәрбиесі
бойыша жүргізілген жұмыстарға талдау жасауға және алдағы кезеңнің
жоспарын белгілеуге кӛмектеседі. Сӛйтіп, мемлекеттік мекемелер отбасымен
бірге мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге
асыра отырып, балалардың денсаулығын, денесінің ӛсуін, дене дайындығын
дамытуда неғұрлым жоғары нәтижелерге жете бермек.
Достарыңызбен бөлісу: