372
қызметкерлері
мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық
қызмет
органдары белгілеген мерзімде және кӛлемде эпидемияға қарсы іс-шаралар
жүргізеді.
121.Ас блогының қызметкерлерін мейірбике күн сайын ас блогы
қызметкерлерін тексеріп-қарау журналына міндетті түрде белгілей отырып
іріңді аурудың барлығына тексереді.
ББМДҰ-да инфекциялық аурумен ауыратын немесе күдігі бар
қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді немесе тез арада жұмыстан шеттетіледі.
122.ББМДҰ-да осы санитариялық ережеге 7-қосымшаға сәйкес есепке
алу-есептілік құжаттамасы жүргізілуі қажет.
Шағын ББМДҰ-да (шағын орталықтарда) жарақтандыру және
жабдықтау, медициналық кабинеттердің медициналық құжаттама тізбесін
жүргізуі тиісті аумақтағы халықтық санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.
Медициналық кабинет осы санитариялық ережеге 9-қосымшаға сәйкес
жабдықтармен және құрал-саймандармен жабдықталуы тиіс.
Аудан жеткілікті болған жағдайда ББМДҰ-ның медициналық блогына
осы санитариялық ережеге 10-қосымшаға сәйкес физиотерапевтиялық кабинет
жабдықталады.
123.ББМДҰ-ның қызмет кӛрсететін персоналында бӛлек шкафта
сақталатын арнайы киімдері болуы тиіс: костюм, халат, ауыстыратын аяқ киім,
орамал, бас киім, белдемше.
Дәретхана бӛлмесіне кірер алдында халатты шешіп және шыққан соң
қолды мұқият сабынмен жуу керек. Персоналға дәретханасы бар үй-жай
бӛлінеді. Персонал үшін дәретханасы бар үй-жай болмаған жағдайда
балалардың дәретхана алаңында персонал үшін бӛлек жабық санитариялық
кабина қарастыру керек.
124.ББМДҰ-ға барлық медициналық тексеріп-қараулар мен зерттеп-
қараулардың қорытындылары, гигиеналық оқытудан ӛткені және жұмысқа
жіберілгені туралы белгілері бар жеке медициналық кітапшасыз қабылдауға
жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: