374
мамандармен арнайы сабақтар және емдеу-сауықтыру іс-шараларын қарастыру
керек.
134.Қозғалыс режимінің негізін дене жаттығуларымен айналысу және әр
түрлі нысандағы ойындар мен балалардың ӛз бетімен қозғалу қызметі құрайды.
Дене тәрбиесі бойынша жұмыстарды медицина қызметкерінің бақылауымен топ
тәрбиешілері, дене тәрбиесі жӛніндегі нұсқаушылар жүргізеді.
135.Дене тәрбиесін медициналық және педагогикалық бақылау мына
түрде жүргізіледі:
1)балалар емханасы немесе мектепке дейінгі ұйымдар дәрігерлерінің
жоспарлы профилактикалық тексеріп-қараулары кезінде ӛткізілетін балалардың
денсаулық жағдайларын, физикалық дамуын және дене тәрбиесінің тиімділігін
бағалауды динамикалық бақылау;
2)қозғалыс режимінің ұйымдастырылуын, сабақтарды дене шынықтыру
жаттығуларымен және шынықтыру рәсімдерімен ӛткізу әдістерін бақылау;
3)ББМДҰ-ның
персоналы,
ата-аналар
арасында
дәрігердің,
мейірбикенің, ұйым басшысының, тәрбиешілердің, әдіскердің дене тәрбиесі
мәселелері жӛнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуі.
136.Мектеп жасына дейінгі балаларды гигиеналық оқыту және
тәрбиелеу ӛскелең ағза функцияларының қалыптасуы, дененің және
психикалық даму динамикасын есепке ала отырып жүйелі жүзеге асырылады.
Гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты саналы мәдени-
гигиеналық дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
137.Мектеп жасына дейінгі балаларды гигиеналық тәрбиелеу мен
оқытудың негізгі нысаны мына бӛлімдер бойынша тәжірибелік жұмыс болып
табылады:
1) дене тәрбиесі: денсаулықты нығайту, жаттығулар жасау, шынығу,
белсенді қозғалу режимі дағдыларын бойға сіңіру;
2) адамгершілік тәрбиесі: мінез-құлық мәдениеті, денсаулыққа саналы
қарым-қатынас;
3) еңбек және эстетикалық тәрбие: еңбек дағдыларын, ӛз-ӛзіне қызмет
кӛрсету дағдыларын бойына сіңіру, гигиеналық ұсынымдарды орындау
қажеттілігін қалыптастыру.
138.Балаларды дене, ауыз қуысының гигиенасы ережелерін сақтау, жеке
бас гигиенасы құралдарын сақтау және пайдалану ережелерін ұстау, тамақтану,
шомылу әдеттеріне дағдыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: