5
айрықша мәнін айқындайтын маңызды міндеті болып табылады. Балалар дене
тәрбиесінің теориясы ғылыми зерттеулердің негізінде сәби жастағы және
мектеп
жасына
дейінгі
балалардың
психикалық–физиологиялық
ерекшеліктерін: организмнің жұмысқа қабілеттілік мүмкіндіктерін, жүре пайда
болатын қажеттіліктерін, кӛрнекілік-әрекеттік, кӛрнекілік-бейнелік және
логикалық ойлау формаларын, іс-әрекеттің басым түрінің ӛзіндік еркешелігін
ескеріп отырады. Осыған сәйкес балалар дене тәрбиесінің теориясы дене
тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларының мазмұнын құруға және оны
іске асырудың тиімді педагогикалық жағдайларын жасауға бағыт береді.
Балалар дене тәрбиесі теориясы баланың әр жас кезеңінің ықтимал
мүмкіндіктерінің заңдылықтарын танып-біле және ескере отырып дене
тәрбиесінің бүкіл тәрбиелік-білім беру кешені (қимыл–қозғалыс жасай білу
және дағдылар, дене қасиеттері, кейбір қарапайым білім) ғылыми негізделген
бағдарламаның талаптарын перспективалы қарастырады. Мұны игеру
балалардың дене әзірлігін мектепке баруға қажетті деңгейде қамтамасыз етеді.
Дене тәрбиесі жан-жақты тәрбие берудің маңызды бӛлігі болуымен бірге ӛз
процесінде ақыл–ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек т.б.тәрбиенің
міндеттерін кешенді түрде жүзеге асырады. Балалардың дене тәрбиесін
ұйымдастырудың барлық формаларында (сабақ, қозғалыс ойындары,
балалардың ӛзіндік әрекеттері және т.б) тәрбиешінің назары ақылға сала
ойлайтын, эмоциялы, ӛз жас шамасының мүмкіндігіне қарай саналы әрекет
ететін, қозғалыс дағдыларын меңгеріп отыратын, айналаны бағдарлай білетін,
ӛзіне берілген тапсырмалардың мәнін түсінетін, кездескен қиыншылықтарды
жеңуді үйреніп отыратын, тәрбиешінің ыждағатты, тілектесті басшылығымен ӛз
іс–әрекетінде шығармашылық ізденіске деген талпыныс кӛрсетіп отыратын
бала тәрбиелеп шығуға бағытталады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы бала денесін тәрбиелеудің сан алуан
жақтарын, әсіресе, оның қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды қамтитын
зерттеулер арқылы алынған жаңа білімдермен дамылсыз дамып, байып
отырады.
Балалар мекемелерінің жаппай практикасында тексеруден ӛткен зерттеу
мәліметтері бүкіл тәрбиелік–білім беру процесінің алға басуына үлес қоса
отырып, сыннан ӛтеді, бағдарламаларға, оқу құралдарына, оқулықтарға және
балалармен жүргізетін практикалық жұмысқа ендіріледі. Сӛйтіп мектеп жасына
дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы баланың даму заңдылықтарын танып
біле, ең елеулі, прогресті нәрселердің бәрін бӛліп кӛрсете, негіздей отырып,
дене тәрбиесінің бүкіл жүйесін жетілдіруге кӛмегін тигізеді, кедергі келтіретін,
жаттанды болған, қазіргі кездегі тәрбиелеу – білім беру міндеттеріне сәйкес
емес нәрселердің бәрін бұлжытпай ауыстырып отырады және жоққа шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: