Қорытынды фаза бейнелеп айтқанда жұмыс жағдайынан шығуға мүмкіндік
беретін қимылмен аяқталады. Секіруде бұл фаза жерге аяқтың тиюінде, ал
жүгіруде-инерция бойынша фиништен (мәреден) кейінде жүгіріп ӛту.
Қорытынды фазаның тиімділігі кейде негізгі фазада қимылды орындаудың
дұрыстығына байланысты болмақ. Негізгі фаза техниканың негізін құрайтын
қозғалыстардың кӛмегімен, ал қалған екі фаза - техниканың бӛліктерін
кұрайтын қозғалыстың кӛмегімен жүзеге асырылады.
Циклсіз жаттығулар (лақтыру, секіру т.б.) үш фазаға бӛлінеді: дайындық,
негізгі (басты), соңғы фазалар. Бұл фазалардың бәрі ӛзара байланысты,
біртұтас ӛтеді, бір-бірімен шарттас келеді, бірақ олардың әрқайсысының тұтас
жаттығуда атқаратын қызметіне байланысты ерекше орны бар.