52
және дене тәрбиесі практикасында әдетте, қозғалыстың максималды,
анатомиялық мүмкін амплитудасы қолданылмайды. Максималды амплитудаға
жету үшін антагонист бұлшық еттер мен байланыс аппаратын шегіне
жеткенше созуға бағытталған қосымша бұлшық ет күші талап етіледі. Егер
амплитуда шамадан тыс ұлғаятын болса, онда бұлшық еттер мен сіңірдің
зақымдануы мүмкін. Мұнымен бірге үлкен амплитудалы қозғалысты атқарған
соң оның бағытын жайлап ӛзгеру қиын. Кейін тез және қатты жиырылуы тиіс
бұлшық еттерді алдын ала созу талап етілгенде, сондай-ақ қысқарған бұлшық
еттерді созу, икемділікті арттыру, тұлға кемшілігін түзету, аяқтың
үзеңгіліктерін нығайту қажет болғанда буындарда қозғалғыштықтықтың үлкен
ауқымы пайдаланады. Әртүрлі амплитудалы козғалысты белгілеу үшін «кең
құлашты» және «тар құлашты» деген терминдер қолданылады. Үлкен
амплитудалы қозғалысты – кең құлашты, кіші амплитудалы қозғалысттарды
құлашты деп атайды. Қозғалыстың бағыты немесе амплитудасы алға қойылған
қимыл-қозғалыс міндетіне сай келмейтін қозғалыс - бұрыс қозғалыс аталады.
Достарыңызбен бөлісу: