«Балбӛбек» бағдарламасындағы ұлттық тәрбие жӛнінде. «Бағдарламаны»
білу және оның талаптарын, топтағылардың нақты тіршілік жағдайларын
есепке ала отырып, орындау мектепке дейінгі мекемелердің әр маманы
үшін міндетті іс болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
бағдарламасында белгіленген бүкіл мазмұнды балаларға ойдағыдай
игерту мақсатымен тәрбиешіге кӛмек ретінде әдістемелік нұсқаулар,
құралдар, ұсыныстар жасалады. Оларда іс-әрекеттің әртүрі бойынша
балалармен жұмыс жүргізудің әдістері ашып кӛрсетіледі. Тәрбиешінің
әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстарды, түрлі құралдарды пайдалана
білуі, іскерлігі әртүрлі жас шағында баланың ойдағыдай тәрбиеленіп, ӛсіп
дамуын камтамасыз етеді. Бағдарламалар мазмұны негізінде тәрбиешілер
балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды, олардың талап-тілегін,
қажетін ескеріп, мазмұнды, қызықты іс-әрекетін (ойын, еңбек, оқу)
ұйымдастырады. Мұнда баланың даму, жас, жеке басының ӛзіндік ерекшелігі,
психологиялық ерекшелігі еске алынады. Оқу-тәрбие мазмұны тәрбиенің
мақсат-міндеттеріне сай айқындалған. Әрбір топта балалардың күнделікті
62
тұрмысын ұйымдастыру және тәрбиелеу, сабақтарда оқыту мәселесіне басты
кӛңіл бӛлінген. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында
ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп ӛсіру -
отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл
міндеттерді ӛз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
мазмұнын түбегейлі жаңарту кӛзделуде. Қазіргі ӛмірдің ӛзінен туындап отырған
талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау
бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Осы орайда, еркін
елдің ертеңін баянды ету бағытында жүзеге асырылып жатқан саяси, әлеуметтік
жағдайларды ескере отырып, дайындалған білім, ғылым саласындағы ресми
құжаттар тәжірибеде қолданылуда. Бағдарламалар әр басылымында
жаңартылып, мазмұны байытылып, ұлттық ерекшеліктер ескеріліп, ӛңделіп,
толықтырылып отыр. Соның бірі – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі
тұңғыш "Балбӛбек" бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты: балабақшадағы
тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту, сәбилік шақтан бастап жеке тұлға
ретінде қалыптасуына ықпал ету, мейірімділік, ізеттілік, әдептілік,
бауырмалдыққа, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлыққа баулып, адамдық
қасиеттерді қалыптастыру, баланың жеке дара дамуын қамтамасыз ету және
ӛмірлік дағдыларды қалыптастыру. Тәрбиелеу мен білім беруді кіріктіре
кешенді жүргізудің тиімді тәсілдерін айқындау. Бағдарлама негізіне осы салада
еңбек етіп жүрген отандық және шетел ғалымдарының мектеп жасына дейінгі
балалардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере
отырып, іріктеп, бейімдеумен ұсынған адамзаттың қоғамдық-тарихи
тәжірибесін қамтитын компоненттері - білім, іскерлік пен дағдылар,
шығармашылық әрекет және ӛмірлік эмоционалдық қатынас тәжірибелерін алу
кӛзделді. Кӛзделіп отырған ауқымда білім, іскерлік пен дағдыларды
қалыптастыру баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама ең алдымен, баланың дене және эмоционалдық саулығын нығайту,
дара ерекшелігін дамыту, ӛз бетімен білім алудың жолдарын игеру үшін жағдай
туғызуға бағытталған.
Бағдарлама тӛмендегідей ұстанымдарға негізделеді:
адам тұлғасы дамуының маңызды кезеңі ретіндегі мектепке дейінгі
балалықтың ӛзіндік құндылығын сақтау;
бала тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда олардың жетекші әрекеттерін
негізге алу;
тәрбиелеу, оқыту және дамытудың ӛзара байланыстылығын сақтау,
балалардың дене, ақыл-ой, сезім, тілдік, кӛркемдік, адамгершілік, еңбек
тәрбиесіне жағдай туғызып, дамытуды қамтамасыз ету;
педагогикалық ықпалдың тиімділігін арттыру және бала мен тәрбиешінің
уақытын үнемдеу мақсатында балалардың алуан түрлі іс-әрекеттерін кіріктіру.
Бұл балаларда заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен ӛзара
тәуелділік
туралы
түсінікті,
қоршаған
әлемнің
біртұтас
бейнесін
қалыптастыруға ықпал етеді, жетекші әрекет-ойынға және ӛз бетімен дербес
әрекет етуге, шығармашылыққа уақыт кӛбірек беріледі;
63
оқыту мен тәрбиенің үзіліссіздігін, бір топ пен екінші топ арасындағы
сабақтастықты сақтау үшін, балаға игерту кӛзделетін қарапайым білім
негіздерінің біртіндеп кеңейтілуі.
Бағдарламаның басты ерекшеліктері:
әрбір жас кезеңдеріне сәйкес бала игеруге тиісті білім, іскерлік пен
дағдылардың бағдарламалық мазмұны "Tіл - халық қазынасы", "Oйна да
ойлан", "Әуенді қимыл-қозғалыс", "Ӛнер кӛзі - халықта", "Имандылық -
инабаттылық" деген атаулармен блоктарға топтастырылып берілді;
бағдарламалық мазмұнды іске асыру үшін "Oтбасы, балабақша,
ойыншықтар", "Жыл мезгілдері", "Қазақстан-республикам менің", "Жануарлар
дүниесі" деген ірі тақырыптар ұсынылып, олардың міндеттері кӛрсетілді;
осы міндеттерді жүзеге асыру үшін балалармен жүргізілетін жұмыс
түрлерін бір-бірімен кіріктіре отырып, кешенді формада ұйымдастыру
ұсынылады;
жоғарыда кӛрсетілген тақырыптарға орай, аптаның бір күні тәрбиелеу мен
білім берудің арнайы бір блогына баса кӛңіл бӛлініп, қалған тәрбие түрлері
алғашқымен сабақтас, кіріктіріле жүргізіледі, білім-білік, дағдыларды меңгерту,
іс-әрекеттің алуан түрлерімен алмастырылып, үзіліссіз, біртұтас процесс
түрінде жүзеге асады. Мысалы, дүйсенбіде ӛткізілетін "Tіл - халық қазынасы"
блогында негізгі кӛңіл баланың тілін дамытуға, сӛздік қорын байытуға,
байланыстырып сӛйлеуге үйретуге аударылып, басқа іс-әрекет түрлерінің
(сурет салу, қимыл-қозғалыс жасау, математика және т.б.) элементтері оны
толықтырып, бекітуге қызмет етеді;
серуенге шыққанға дейін жеке және шағын топпен арнайы жұмыстар
жүргізіліп, қайталап, жаттықтыру арқылы тәрбиелеу мен білім беру мазмұны
тиянақталады;
мектеп жасына дейінгі балаға берілетін адамгершілік тәрбиесінің мазмұны
халықтық педагогика негізінде, ұлттық құндылықтармен байытылып,
"Имандылық - инабаттылық" деген атаумен ӛз алдына блок ретінде берілді,
онда балаларды әлеуметтендіру мәселесі, маңызды ӛмірлік дағдыларды
қалыптастыру кӛзделеді.
Бала тәрбиесінің негізі отбасында қаланатындықтан, халқымыздың
ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан отбасылық бала
тәрбиесі дәстүрлерін, фольклорлық мұраларын балабақшадағы педагогикалық
процесті ұйымдастыруда кеңінен пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Бағдарламада мектеп жасына дейінгі баланың жетекші әрекеті-ойын түрлерін
арнайы ұйымдастырылған сабақтар барысында кеңінен қолдану, сондай-ақ күні
бойғы басқа уақыттарда алуан түрлі ойындар ұйымдастыруға, ӛз бетімен
ойнауына жағдай туғызу қажеттігі баса кӛрсетілді. Себебі, ойын барысында
баланың дене және рухани жан дүниесі, ақыл-есі, ой-қиялы дамиды, тұлғалық
бейнесі қалыптасады. Ойын баланың қоғамдық тәжірибені меңгеру тәсілі. Ол
ӛзгелердің пікірімен санасуға, ортақ тіл табысуға, шешім қабылдауға, т.б.
кӛптеген әлеуметтік, ӛмірлік дағдыларға осы ойын арқылы қол жеткізеді.
Бағдарламада бала құқығын қорғау мәселесі бойынша, баланың еркімен санасу,
оның талап-тілегіне, жеке дара ерекшелігіне назар аударып, бағыт беріп отыру,
64
дербес әрекетін дамыту, жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері де білім
мазмұнының аясына алынды. Бағдарлама республикадағы мектепке дейінгі
ұйымдардағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бағытын айқындайтын
мемлекеттік құжат болып табылатындықтан, әрбір тәрбиеші бағдарламаның
мазмұнын жан-жақты терең түсініп, онымен жұмыс істеуге даяр болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |