Дєріс тезистері


«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны



Pdf көрінісі
бет69/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны 
Үш  жастағы  баланың  физиологиялық  дамуына  жағдайлар  жасау  кӛбінесе  әр 
баланың  жеке  даралық  келіс  жасауын  талап  етеді.  Мұнда  толыққанды 
гигиеналық күтім, күн тәртібін нақты орындау, ӛмірі мен жүйке жүйесін сақтау, 
қорғау, қажудың, болдырудың және түрлі жарақаттанудың алдын алу. 
Мақсаты: Дене шынықтыру жаттығуларына саналы түрде түсініп, 
меңгеруін қалыптастыру және қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту. 
«Денсаулық»  білім  беру  саласының  базалық  мазмұны  ұйымдастырылған 
оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асады: 

 
дене шынықтыру

 
валеология. 


 
67 
Міндеттер: 

 
баланың  физикалық  және  психикалық  қал  ахуалын  қолайлы  жағдайлар 
жасау; 

 
бастапқы гигиеналық дағдыларын қалыптастыру

 
ересектің  кӛрсеткен  үлгісі  бойынша  қимыл-қозғалысты 
орындау 
дағдыларына үйрету. 
Дене шынықтыру 
Балалардың  бұл  жаста  әлі  қимыл-қозғалысты  ептіліктері  тұрақты  емес, 
сондықтан  да  оларға  кӛбінесе,  ересектің  қозғалысына  еліктеп  немесе  жан-
жануардың  қимылдарын  (кӛжектің  секірісін,  құстың,  кӛбелектің  ұшуын) 
имитацияларын ойын түрінде қайталайды. Дене шынықтыру жаттығулары ойын 
түрінде таңертеңгілік гимнастикада және аптаның арнайы белгіленген күнінде, 
жалпы уақыты 5-7 минуттан аспайтын мӛлшерде ӛткізіледі. 
Бала  денесінің  дұрыс  дамып  қалыптасуына  септігін  тигізетін  ойын 
материалдары  бар  қимыл-қозғалысқа  толы  ойындарды  баланың  жеке  дара 
ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру. 
Мәдени-гигиеналық дағдылары 
Баланың жеке бас гигиенасының басты дағдыларын түрлі кӛрнекіліктер кӛрсету 
мен  қолдау  тәсілі  арқылы:  қолды  дұрыс  жууға,  құрғатып  сүртуге,  ӛз  бетімен 
таза  және  ұқыпты  тамақтануға;  қасық,  кесе,  сүлгілерді  дұрыс  және  орынды 
қолдануға  және  тамақтану  кезінде  аузын  жұмып  жеуге  үйрету.  Әрбір 
тамақтанғаннан  кейін  ауыз  қуысын  сумен  шайқауды  үйрету.  Ӛздігінен  киіну 
және  шешіну;  киімін  ұқыпты  бүктеп  қою,  түймелерді  ағыту,  бауларды  байлау 
және бір-біріне кӛмектесу дағдыларын қалыптастыру. Балаларға ӛздерінің жеке 
заттары:  тарақ,  ауыз  шаятын  ыдыс,  сүлгі  мен  бет  орамалды  қолдану  керек 
екенін түсіндіру. 
Сауықтыру-шынықтыру процедурасы 
Бала  ағзасының  қорғаныс  қызметтерін  қалыптастыру  және  денсаулығын 
шынықтыру  жағдайларын  құру.  Баланың  физиологиялық  және  психикалық 
жағдайының  барысында  ауа  ванналарын  күніне  бірнеше  рет  киінгенде  3-5 
минуттен,  салқын  түскенде  бӛлмедегі  серуен  ауа  температурасы  +15  градус 
шамасында және 3-4 қабат киімде болған жағдайда ұйымдастыру. 
Дербес қозғалу әрекеті 
Әрекет  жағдайларына  байланысты  қозғалыс  қажеттіліктерін  қалыптастыру. 
Таныс ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін үлкендерге және құрбыларына еліктеу 
арқылы бейнелеу. Белгілі бір ептілік қабілетін қалыптастыру. 
Ӛмір қауіпсіздік әрекеті 
Күні бойы бӛлмеде және серуенде баланың қауіпсіз сергектігін қамтамасыз ету. 
Балаларды құммен, сумен, ұсақ заттармен ойнау кезіндегі ережелерді сақтауға 
үйрету.  Кездейсоқ  тұрмыстық  жарақаттардың  алдыналу  мақсатында  дәрі-
дәрмектерді,  жуу  және  дәрілеу  құралдарын,  розеткалар  мен  есік,  терезелерді 
қолдануда қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.  
Салауатты ӛмір салтының дағдылары  
Адам,  ӛзі,  ұлдар  мен  қыздар  және  жақын  туыстары  туралы  түсініктерін 
қалыптастыруға әсер ету. Адамның дене мүшелері: бас, дене, қол, аяқтарымен 


 
68 
таныстыру.  Тазалық  пен  тәртіп  арқылы  қанағаттанарлық  сезімге  тәрбиелеу, 
үлкендердің айтқанына мұқият болуға үйрету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет