Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет173/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   203
Байланысты:
педагогика оқыту әдіст

 


 
300 
Слайд  1.  Оқыту  теориясының  негізгі  компоненттерінің  бірі 
оның  заңдылықтары.  Олардан  құбылыстар,  үрдістер,  оның 
нәтижелері арасындағы обьективті, тұрақты және қайталанып келіп 
отыратын байланыстар кӛрініс табады.   
Дидактикалық  принциптер  –  оқыту  процесінің  жалпы 
мақсаттарына 
және 
заңдылықтарына 
сәйкесті 
мазмұнды, 
ұйымдастырушылық  формалар  мен  әдістерді  анықтайтын  базистік 
жағдайлар.  
Слайд  2.  Я.А.Коменский  педагогикалық  ойдың  тарихында  ең 
бірінші  болып  оқыту  процесінің  құрылыуын  анықтайтын  оқыту 
принциптерінің  жүйесін  жасады.  Я.А.Коменскийдің  оқыту 
табиғаттың  және  адамның  дамуының  жалпы  заңдылықтарына 
бағынады  деген  идеясы  «оқытудың  табиғатқа  сәйкестігі»  деген 
атқа  ие  болды.  Ж.Ж.Руссо  оқыту  процесінің  принципалдық  негізі 
баланың табиғатпен тікелей жанасуы деп есептеді. И.Г.Песталоцци 
оқытудың мазмұнын кӛрнекілік принципінен шығарады. 
Слайд  3.  А.Дистервег  оқыту  жүйесін  нақты  ережелермен 
толтырады.  Ол  оларды  оқыту  мазмұнына,  оқытушыларға, 
оқушыларға  талаптар  түрінде  қарастырды.  Оқыту  прициптерін 
жасауда  К.Д.Ушинский  үлкен  үлес  қосты.  Ол  мынадай 
принциптерді  бӛліп  шығарды:  оқытудың  халықтық  идеясында 
кӛрініс  табатын  оқытудың  тәрбиелеушілік  сипаты;  оқытудың 
жүйелігі,  шамаға  лайықтылығы  және  әлі  жетерлігі;  білімнің 
беріктігі;  оқытудың  саналылығы  және  белсенділігі;  оқытудың 
кӛрнекілігі. К.Д.Ушинский осы принциптерге терең психологиялық 
негіздеме берді. 
Оқыту  процесінде  қызмет  ететін  заңдылықтары  жалпы  ӛз 
әрекетімен бүкіл жүйені қамтиды және жеке немесе нақты жүйенің 
белгілі бір компонентіне әсері болып бӛлінеді.   
Слайд 4. Оқыту процесінің жалпы заңдылықтар: 
1.  Оқытудың  мақсаты  тәуелді:  а)  қоғамның  дамуының 
деңгейіне  және  қарқынына;  б)  қоғамның  сұранысына  және 
мүмкіншілігіне;  в)  педагогика  ғылымының  және  практикасының 
даму деңгейіне және мүмкіншілігіне. 
2.  Оқытудың  мазмұны  тәуелді:  а)  қоғамдық  сұранысқа  және 
оқыту  мақсатына;  б)  әлеуметтік  және  ғылыми  техникалық 
прогрестің 
қарқынына; 
в) 
оқушылардың 
жастық 
мүмкіншіліктеріне;  г)  оқытудың  теориясы  мен  практикасының 


 
301 
дамуының  деңгейіне;  д)  оқу  орындарының  материалдық 
техникалық және экономикалық мүмкіншіліктеріне. 
3.  Білім  сапасы  оқытудың  әрбір  жаңа  кезеңінің  тиімділігі 
тәуелді: 
а)  оның  алдындағы  кезеңнің  ӛнімділігіне  және  ондағы  қол 
жеткен  нәтижеге;  б)  оқылып  жатқан  жадығаттың  сипатына  және 
кӛлеміне;  в)  мұғалімдердің  ұйымдастырушылық  педагогикалық 
әсеріне; г) оқушылардың оқығандығына; д) оқыту уақытына.  
4.  Оқыту  әдістерінің  тиімділігі  тәуелді:  а)  әдістерді 
қолданудағы  біліміне  және  дағдысына;  б)  оқыту  мақсатына;  в) 
оқытудың  мазмұнына;  г)  оқушылардың  жасына;  д)  оқушылардың 
оқу  мүмкіншіліктеріне;  е)  материалдық  техникалық  қамтамасыз 
етілуіне, ж) оқыту процесін ұйымдастырылуына.  
5.  Оқытуды  басқару.  Оқытудың  ӛнімділігі  тәуелді:  а)  оқыту 
жүйесінде кері байланыстың қарқындылығына; б) түзетуші әсердің 
дұрыстығына.  
6.  Оқытуды  ынталандыру  мыналардың  есебінен  болады:  а) 
оқытудың  мотивтері  ә)  сыртқы  (қоғамдық,  экономикалық, 
педагогикалық) стимулдардың.  
3. Жеке жҧмыс 
Дәрістің  3-4  сұрағын  түсіну  үшін  «Түртіп  алу»  стратегиясын 
орындау тапсырылады. Әр студен бұл бӛлікті жеке орындайды. 
+ жаңалық, 
V білемін, 
? түсінбедім, 
- келіспеймін. 
- Сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы тапсырма талқыланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет