Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


 Оқытудың жеке (нақты) заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет174/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   203
Байланысты:
педагогика оқыту әдіст

3. Оқытудың жеке (нақты) заңдылықтары 
1. Дидактикалық заңдылықтары. Оқытудың нәтижесі оқытудың 
ұзақтығына,  меңгеріліп  жатқан  мазмұнның  оқушыға  мәнділігіне 
тікелей  пропорционалды.  Берілген  кӛлемдегі  білім  мен  іскерліктің 
меңгерілу  ӛнімділігі  оқылып  жатқан  материалдың  санына, 
қиындығына  және  күрделілігіне  кері  пропорционалды.  Оқытудың 
нәтижесі  қолданылған  әдістердің,  құралдарға  және  мұғалімнің 
шеберлігіне тәуелді. Оқытудың «жасату» жолы «тыңдау» жолынан 
6-7 есе ӛнімді.  
2.  Танымдық  /гносеологиялық/  заңдылықтар.  Оқытудың 
нәтижесі 
оқушылардың 
оқуға 
деген 
сұранысына 
және 
оқушылардың  оқу  іс-әрекетінің  кӛлеміне,  білімдерді,  іскерлікті 


 
302 
практикалық 
қолдану 
кӛлеміне 
тікелей 
пропорционалды. 
Оқушылардың  ақыл-ой  дамуы  ӛзара  байланысты  білімдердің, 
іскерліктердің,  шығармашылық  әрекеттің  тәжірибесін  меңгеру 
кӛлеміне  тікелей  пропорционалды.  Оқыту  нәтижесі  оқушылардың 
үй  тапсырмасын  әрдайым  және  жүйелі  орындалуына,  оқытудың 
проблемділік  деңгейіне,  оқушыларды  әлі  келетін  және  мәнді  оқу 
проблемаларын шешуге қатыстырылу қарқынына тәуелді.  
3. 
Психологиялық 
заңдылықтар. 
Оқытудың 
ӛнімділігі 
оқушылардың  оқу  іс-әрекетіне  қызығушылығына,  оқушылардың 
оқу  мүмкіншілігіне,  тренировкалық  жаттығулардың  санына, 
тренировканың 
қарқынына, 
оқушылардың 
танымдық 
белсенділігінің  деңгейіне,  оқушылардың  зейінінің  деңгейіне  және 
тұрақтылығына,  оқушылардың  еңбек  істеуге  деген  қабілеттілігіне 
байланысты.  Нақты  оқу  материалын  меңгерудің  нәтижесі 
оқушылардың  қабілетіне  жекелеген  ынтасына,  оқушылардың 
ойлауының деңгейіне, күшіне, қарқындылығына және ерекшелігіне, 
еске сақтаудың даму деңгейіне тәуелді.  
4.  Кибернитикалық  заңдылық.  Оқыту  тиімділігі  кері 
байланыстың  жиілігіне  және  кӛлеміне,  оқыту  процесін  басқару 
сапасына  тікелей  пропорциональды  болады.  Білім  сапасы 
қадағалаудың тиімділігіне де байланысты болады.  
5.  Әлеуметтік  заңдылықтар.  Индивидтің  дамуы  тікелей  немесе 
жанамалай  қарым-қатынасқа  түсетін  басқа  да  индивидтердің 
дамуымен шартталған. Оқытудың ӛнімділігі танымдық контактінің 
кӛлеміне  және  қарқындылығына,  «интеллектуалдық  ортаның» 
деңгейіне, ӛз-ӛздерін оқытудың қарқындылығына тәуелді.  
6.  Ұйымдастырушылық  заңдылықтар.  Оқытудың  тиімділігі 
мұғалімнің ұйымдастырушылық жұмысына, жұмыс істеу қабілетіне 
тәуелді.  Ақыл-ой  шаршауы  сезім  органдарының  тежелеуіне 
соқтырады:  тӛрт  сағат  оқу  сабағы  анализаторлардың  сезімдігін  2 
есе  кемітеді.  Балалардың  ақыл-ой  жұмыс  істеу  қабілеті  денсаулық 
жағдайына,  ақыл-ой  іс-әрекетінің  режиміне,  жынысына,  жасына, 
жылдың  уақытына,  апта  күніне,  тәулік  уақытына  тәуелді  болады. 
Балалардың  ақыл-ой  іс-әрекетінің  белсенділігі  оқу  сабақтарының 
кестесіне де тәуелді болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет