306
Педагогикада теория мен практика бірге жүреді. Бұл
оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеруді белгілейді. Міне,
сондықтан, теориялық материалдың білімін анықтаумен қатар түрлі
жаттығулар, практикалық
тапсырмалар, есеп шығару әдістері
ұсынылады.
Педагогиканы оқыту үрдісінде тексерудің барлық түрлері
қолданылады: ағымдағы тексеру, кезеңді тексеру, қортыныды
тексеру; түрлі әдістер: ағымдағы, бақылау, ауызша сұрау,
тапсырманы орындау, жазбаша бақылау жұмыстары. Оқу-
танымдық әрекетін тексеру түрлі формаларда ӛткізіледі:
фронтальді, топтық және жеке.
Ағымдағы тексеру: ауызша сұрау, жазба жұмыстары, түрлі
практикалық тапсырмалар, жаттығулар.
Кезеңді тексеру: тапсырманы орындау жайында есеп беру,
коллоквиум, әңгімелесу белгілі бір тақырып бойынша сынақ.
Коллоквиум (латын тіліде colloquium - әңгіме, әңгімелесу) –
ғылыми жұмысты ұйымдастыруда дәстүрлі әдіс. Олар ерте
заманнан-ақ қолданылуда. Олар оқу пәнінің белгілі бір сұрақтары
бойынша әңгімелесу түрінде ӛткізіледі. Әңгімелесу сұрақтарын
оқытушы алдын-ала дайындайды, студенттерге негізгі және
қосымша әдебиет тізімі ұсынылады. Коллоквиумның негізгі
қызметі – оқыту, бұнда бақылау функциясы екінші орында.
Коллоквиум барысында оқытушы жасалған жұымсқа жалпы баға
береді, ол негізінен мазмұнды сипатта болады.
Сынақ жүйесі жоғарғы оқу орнында кӛптен бері пайдаланып
келеді. Оқу пәндерінің тараулары, әсіресе, практикалық бӛлімдері
бойынша білімді тексеру мен есепке алудың түрі. Сынақ түрлі
формаларда ӛткізілуі мүмкін: теориялық материал бойынша
оқытушының студентпен әңгімелесуі, практикалық жұмыс,
бақылау нәтижелері бойынша әңігмелесу. Студенттерге ең басында
сынаққа қандай материал берілетіндігі, оны қашан және қандай
формада ӛткізетіндігі, сынақты ағымдағы әрекетінің нәтижесі
бойынша алу үшін семинарда, практикалық сабақтарда қандай
жұмыс орындау керектігін айтып ӛтеді.
Сонымен қатар, емтихандар. Жоғарғы оқу орнында курстық
және мемлекеттік емтихандар енгізілген. Емтихандардың басқа
тексеру әдістерінен айырмашылығы –
1.оның бақылау сипатында болуы;
308
Жалпы орта білім беретін мектептегі педагогикалық бақылау
негіздері
Бақылаудың оқуға ынталандыру қызметін атқаратыны және
студенттердің әрекетіне әсер ететіні белгілі. Тәжірибелер
кӛрсеткендей, оқу процесінен бақылауды жартылай немесе мүлдем
алып тастау білім сапасының тӛмендеуіне әкеледі. Қазіргі уақытта
оқу процесіне оқытудың жаңа әдістерін ендіру педагогикалық
бақылаудың сапасы мен тиімділігі саласында жаңіа ізденістерді,
бақылаудың жаңа формаларының, мысалы, рейтинг, пайда болуын
қажет етеді.
Педагогикалық бақылаудың қызметтері
Бақылау саласында үш негізгі ӛзара байланысқан қызметтерді
атауға болады: диагностикалық, оқыту және тәрбиелеу.
Диагностикалық қызметі: бақылау – бұл студенттердің білім,
іскерлік, дағдыларының деңгейін анықтау, студенттің шынайы
әрекетін бағалау.
Оқыту қызметі оқу материалын меңгеру жұмысын
белсендендіруден кӛрінеді.
Тәрбиелеу қызметі: бақылау жүйесінің болуы тәртіпке
шақырады, студенттердің іс-әрекетін ұйымдастырады және бағыт
береді, біліміндегі ақаулықтарды, тұлғаның ерекшеліктерін
анықтауға кӛмектеседі, осы ақаулықтарды жоюға кӛмектеседі,
пәнге деген шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастыруға
және оларды дамытуға ұмтылысын дамытады.
Оқу-тәрбие процесінде аталған үш қызметі ӛзара тығыз
байланысты, бірақ осы қызметтер ішінен біреуі ғана басымдылыққа
ие болатын бақылаудың формалары бар. Мысалы, семинарда
негізінен оқыту қызметі бірінші орынға ие: түрлі пікірлер
айтылады, сұрақтар қойылады, қателер талқыланады, сонымен
қатар семинар тәрбиелеу және диагностикалау қызметтерін де
атқарады.
Сынақ, емтихан, коллоквиум, тестілеу негізінен бақылаудың
диагностикалық қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: