97
принцип талабын, содан кейін басқасын орындаймын деуіне
болмайды. Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде
орындалады. Олардың ішінде негізгілері және кӛмекшілері жоқ.
Барлық принциптері бір-бірімен байланысты. Олар бағыт беріп
отырады, оқытуда жақсы нәтижелерге жету жолдарын кӛрсетеді.
Білімді ізгілендіру білім алушының дене және ақыл-ой
мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже оған кеткен
күшпен салыстырылады. Принциптер мүмкіндіктерді, күшті және
нәтижелерді мӛлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады
деп сеніммен айтуға болады.
Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер әрқашан белгілі
жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-әрекетте кешенді,
параллель жүзеге асып отырады. Оларды кезекпен немесе бірінің
орындалуымен екіншісіне тізбекті ӛте, пайдалану мүмкін емес.
Барлық принциптер ӛзара кіріге ұштасқан, сондықтан бірінің
талаптары, екінші бір принцип талаптарымен мәндік жақындыққа
түсіп жатады. Олардың бәрінің де қызметі – бағыттау, оқудың
сапалы нәтижелеріне жетудің жолдарын кӛрсету. Білімдендіру ісін
гуманизациялаудың мәні – білім алушының тән-дене және ақыл-ес
мүмкіндіктерін сақтау және дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің
нәтижесі оған жұмсалған білім алушы күш-қуатының деңгейімен
салыстырылып, бағаланады. Принциптер білім алушының табиғи
және әлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салулары мен еңбек
нәтижелерін қалыпты мӛлшерлеп отырады, егер қандай да
себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің
сақталғаны.
Достарыңызбен бөлісу: