91
ӛткізу; әр білім алушыны оған ұнайтын ғылым, техника, ӛнер
салаларынан ӛз бетімен білім алуға ынталандыру; ақыл-ой, іс-
әрекетін тәжірибе мен байланыстырып, білімнің 80-85% тәжірибе
арқылы меңгерілетінін есте сақтау.
Кӛрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан
принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім
мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең
сезімталы - кӛру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар
білім алушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте
сақтау кӛрнекіліксіз мүмкін емес.
Шарттары: білім алушылардың ақыл-ой жұмысы үшін
формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;
оқытудың алтын ережесі: кӛрініп тұрғандарды кӛрсету, еститінді
естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып кӛретінді дәмін таттыру;
кӛрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы; білім алушы
ұғымдар және абстрактілік принциптерді түсіну үшін нақты
фактілер, мысалдар келтіру; кӛрнекілікті мәселелі жағдаяттар
туындату үшін қолдану; кӛрнекі құралдық оқылатын зат және
құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға кӛмектесуі; білім
алушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін,
салдарын анықтату; кӛрнекілікті білім алушылармен бірге алдымен
түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы
бір рет толық қарап шығу; кӛрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң
кӛп кӛрнекілік қолданбау, ӛйткені білім алушылардың назары
басқа
жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады; кӛрнекілікті қолданып
білім алушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге
сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау; білім алушылармен бірге
кӛрнекілік
жасау,
білім
алушылардың
ӛздері
жасаған
кӛрнекіліктердің де әсері мол; қазіргі кӛрнекі құралдарды, атап
айтсақ:
оқу
теледидарларын,
бейнежазбілім
алушырды,
кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б. қолданып,
техникалық құралдармен жұмыс істей білу; кӛрнекі құралдарды
қолданып білім алушылардың зейінін, бай-қампаздығын, ақыл-ой
мәдениетін, жобілім алушый білуін, оқуға деген қызығушылығын
тәрбиелеу; кӛрнекілік арқылы ӛмірмен байланыс орнату; білім
алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай заттьщ кӛрнекілікті
азайтып, таңбалық кӛрнекіліктерді қолдану; нақты заттар мен
құбылыстарды кӛрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдың
кӛрнекі құралдарды қолдану.