111
жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік
сапаларын дамытады.
Қадағалау түрлері, формалары және әдістері Оқу процесіндегі
қадағалау әртүрлі, кӛп формалы бола келіп, сан қилы әдістермен
атқарылады. Педагогикалық тәжірбиеде қадағалаудың бірнеше
түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық,
қорытынды және ӛтілген материал ізімен.
Алдын-ала қадағалау - әдетте, диагностикалық міндеттерге орай
жүргізіледі. Мұндағы мақсат – білім алушылардың оқуды бастауға
дейін игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дәрежесін
анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырыпты ӛту алдынан
ӛткізіледі. Алдын-ала қадағалау нәтижесінің негізінде Педагог оқу
жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады.
Ағымдағы
(кҥнделікті)
қадағалау
–
оқу
барысында
ұйымдастырылып, білім, ептілік және дағдылардың қалыптасу
дәрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты
терең және берік бекігенін анықтау үшін қолданылады. Бұл
қадағалаудың тиімділігі – білім алушылар біліміндегі кемшіліктер
мен олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын
меңгеруде кӛмек кӛрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті
қадағалаудың дұрыс жолға қойылуы білім алушылардың әр сабаққа
мұқият әрі тыңғылықты дайындалып жүру жауапкершілігін
арттырады.
Мерзімді
қадағалау
–
белгілі
уақыт
аралығындағы
жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан
не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: