128
сабақты ӛткізудегі ғылыми есеп және шеберлік.
Сабаққа қойылатын тәрбиелеушілік талаптар:
сабақтағы іс-әрекеттің, оқу материалының тәрбиелеушілік
мүмкіншіліктерін анықтау;
оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан ғана шығатын
тәрбиелік міндеттерді қою;
білім алушыларды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде
тәрбиелеу,
ұқыптылықты,
жауапкершілікті,
зейінділікті,
ұжымшылығы, т.б. қалыптастыру;
білім алушыларға зейінді және сезімталдық қатынас, олармен
ынтымақтастықта
жұмыс істеу;
Сабаққа қойылатын дамытушылық талаптар:
- оқу-танымдық іс-әрекеттің оң мотивін, қызығушылықты,
шығармашылық
бастамашылықты
және
белсенділікті
қалыптастыру;
- білім алушылардың даму деңгейін және психологиялық
ерекшеліктерін
зерттеу және есепке алу;
- сабақтарды «озу» деңгейінде жүргізу;
-
білім алушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық,
әлеуметтік дамуындағы «секірістерді» болжау;
Осы талаптардан басқа сабаққа мынадай да талаптар қойылады:
ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-
гигиеналық, этикалық т.б.
Сабақты жіктеудің негізіне оқу мақсаты, оны ӛткізудің әдісі
немесе оқыту үрдісінің құрамдас буындары жатады. Осыған қарай
сабақтың әр түрлі типтері ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: