126
Оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі ӛлшемдер
бойынша жіктеледі:
- білім алушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық,
топтық, шағын топтық, жеке;
- оқу орнына қарай: аудиторияда және аудиториядан тыс
формалар;
- колледждегі, ЖОО-ғы оқыту формалары: дәріс, семинар,
практикалық
және зертханалық сабақтар, СОӚЖ, СӚЖ, т.б. жұмыс;
- оқыту уақытының ұзақтығына қарай: кредиттік жүйеде (50
минут), сызықтық жүйеде қосарланған сабақ (80-90 минут), әр түрлі
ұзақтықтағы сабақтар.
Білім берудің даму тарихында әр түрлі оқыту жүйесінде оқыту
формасының біреуі басымдықта қолданылды:
жекелік-топтық
(орта
ғасыр
мектептерінде),
ӛзара
оқыту
(Англиядағы
белланкастер жүйесі),
білім алушылардың қабілетіне қарай саралап
оқыту (мангеймдік жүйе),
бригадалық оқыту (совет мектебінің 20-
шы жылдары), американдық «
Трамп жоспары», онда уақыттың
40% - үлкен топтарда (100-150 адам), 20% - кіші топтарда, және
40% - жеке оқуға бӛлінді.
Дүние жүзінде ең кӛп тараған оқытудың
сынып-сабақ жҥйесі
болды. Ол ХVІІ ғасырда пайда болып, міне үш ғасырдан астам
уақыт бойы дамып келеді. Оның сұлбасын неміс педагогы
И.Штурм (1537-1582жж.) жасады ал, Я.А.Коменский (1592-
1670жж.) оның теориялық негізін салып, практикада жүзеге
асырды.
Оқытудың сынып-сабақ формасының ерекшеліктері: шамамен
бір жастағы және даярлық деңгейі бірдей білім алушылардың
тұрақты құрамы; әрбір сынып ӛзінің жылдық жоспарына сәйкес
жұмыс істейді (оқытуды жоспарлау); оқыту үрдісі жекеленген ӛзара
байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бӛліктер (сабақтар) түрінде
жүзеге асырылады; әрбір сабақ тек бір пәнге арналады (монизм);
сабақтардың тұрақты түрде ауысып отыруы (сабақ кестесі);
педагогтің жетекші ролі (педагогикалық басқару); білім
алушылардың танымдық іс-әрекетінде әр қилы түрлерді және
формаларды қолданады (іс-әрекеттің вариативтілігі).
Оқытуды ұйымдастырудың сынып-сабақ жүйесінің негізгі
компоненті – сабақ болып табылады.
Сабақ – бұл аяқталған мәндік,
уақыттық және ұйымдастырушылық қатынастағы оқыту үрдісінің
кесіндісі (кезеңі, буыны, элементі).