130
педагог пен білім алушылардың іс-әрекетін анықтығын, жүйелілігін
және бірізділігін қамтамасыз етеді. Мақсат пен міндеттерді қою
әдетте кӛп уақыт алмайды, бірақ ол оқу іс-әрекетіне
бағытталғандық береді және үлкен тәрбиелік әсері болады.
Тҥсіндіру – оқу материалының мазмұнын ғылыми баяндау.
Білім алушыларға жаңа материал түсінікті болу үшін педагог
ғылыми дәлелдерді, білім алушыларда бар білімге сүйенуді, анық
және түсінікті баяндауды жүзеге асыруы керек.
Бекіту жаңа материалды түсіндіріп болғаннан кейін
жаттығулардың, дербес жұмыстардың, арнайы тапсырмалардың
жүйесі арқылы оқылған материалдың бастысына, сүйенетін
идеясына білім алушылардың назарын аудартады, теориялық
қағидаларды оқу іс-әрекетінің практикасымен байланыстырады.
Бекіту арқылы педагог білім алушылардың материалды меңгергені
туралы ақпарат алады.
Достарыңызбен бөлісу: