136
4) Топта жұмыс істеу шеберлігі. Топтармен күрделі болған
сайын, студенттердің бірлесе жұмыс істеу деңгейі де жоғарлай
түсуі тиіс. Мүмкін, топтардағы араласа жұмыс істеу шарттарын
меңгеруге кӛп уақытыңды жебересің. Жоғарғы оқу орындарында
алғашқы айларда ережелерді игеріп, кейін оның орындалуын
меңгеруге болады. Сонда ғана студенттер шағын топтарда жұмыс
істей отырып, щығармашылық тапсырмаларды тиімді шеше алада.
Қарым-қатынастың негізі: студенттер ӛздерін қалай ҧстау
керек?
1. Топ мүшелерінің міндеттері: жолдастарының айтқанына
құлақ қою қажет; жұмысқа барлығының қатысуы міндетті; кӛмек
керек болса, ұялмай сұрау керек; ӛтініш білдірген жанға міндетті
түрде кӛмектесу қажет. 2. Әркім ӛзіне берілген тапсырманы
орындайды (топ жетекшісі - басшы, ереженің сақталуын
бақылайды; баяндамашы – хатшы, қорытынды жасаушы, уақытты
бақылаушы, т.б.). 3. Тапсырманы бере отырып оқытушы
студенттердің күшті және әлсіз жақтарын ескеру қажет.
Студенттерді топтарға қалай бӛлуге болады?
Шағын тапсырмалар үшін 4-5 адамнан тұратын топ тиімді
болады. Егер жаттығуларды іштей бӛлшектеуге болатын болса,
ондай күрделі тапсырмаларды үлкен топтар орындайды. 3-4
адамнан құралған топ, әдетте мазасыздау болады, ал екі адам
бірлесе отырып орындайтын жаттығулар үшін таптырмайды.
Топтың құрамы білім деңгейлеріне қарай әр түрлі болғаны дұрыс.
Жеке жҧмысты қалай бақылауға болады?
Топтағы жұмыс аяқталғаннан кейін, әрбір студент толтыруға
міндетті болып табылатын нәтижелер жазылған қағазды тексеруге
болады. Нәтижесі кӛрсетілген бұл қағаз арқылы оқытушы әр
студентке баға береді. Білім деңгейінің ӛсуін кӛрсетеді. Сұрақтар
студенттерге ӛздерінің нені үйренгенін және қандай кӛзқарастар
қалыптастырғанын бақылауға жағдай жасайды. Сабақ соңында
студенттермен бірлесе отырып, қандай жаңа білім алғанын, қандай
нәтижелерге жеткенін талқылаймыз.
Топтарда жҧмысты қалай жҥргізу керек?
Сабақ алдында материалдарды дайындап, орындықтарды
орналастыр.
Қысқаша түрде сабақтың тақырыбын талда.
Студенттерді топтарға бӛл.
Материал
тарата отырып, тапсырманы анықта.
137
Нұсқауларды барлығының түсінігіне кӛзіңді жеткіз.
Тапсырманы орындауға қажетті уақытты белгіле.
Топ ӛкілдерінен еңбектің нәтижесін айтып беруді сұра.
Тапсырманы топпен отырып талда.
Бүгінде оқытуды ұйымдастырудың мынадай
қосымша
формалары бар: оқытудың жекелік формасы; пәндік үйірмелер;
топсеруен; факультативтер; кеңес; қосымша сабақтар; үй
тапсырмасы;.
Достарыңызбен бөлісу: