«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Сүйіспеншілік пен достық. Морфология
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология
Оқылым
Тапсырма:
Берілген мәтіндерді мұқият оқып шығыңыз. Оларды тақырыбы, мақсатты аудиториясы
(кімдерге арналған?), құрылымы тұрғысынан салыстырып, ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын көрсетіңіз.
А мәтіні
Адам баласының достық сезімі адаммен бірге жаратылған. Ал бірлігін сақтау жолы,
яғни, кілті, ол сүйіспеншілік пен сенімде. Егер осы сенім адам өмірінен алыстай бастаса,
қоғам әлсірей түсетіні сөзсіз. Біздегі тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек.
Бірі ұлтаралық даумен басы қатса, енді бірі лаңкестік арандатушылыққа бой алдырды, тағы
бірі тойғанын көтере алмай, енді біреуі түрлі табиғат апатына ұшырауда. Еліміздің мұндай
жағдайға ұшырамауының басты себебі, халықтың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен
сенімінің молдығы, бірлігіміздің жарастығының арқасында.
Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі
өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір
күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі адам баласының тыныс-тіршілігі де
үнемі қозғалыста. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу
сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады.
Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар
балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген
сүйіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-
жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа
салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы адам баласының бір–біріне мейірім
шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.
Ә мәтіні
Аңыз кейіпкері Жошы хан - тарихта болған адам, атақты жаһангер Шыңғысханның үлкен ұлы.
Мұндай оқиғаның болғандығын тарих растайды. Осыдан үш күн бұрын Шыңғыстың сүйікті ұлы,
Қыпшақ даласының билеушісі Жошы аңнан қайтып оралмады. Ол құлан
аулауды жақсы көреді екен. Аңға бірге шыққан нөкерлерінің айтуынша,
бұлар бір үйір құланға кездесіпті де, ханның оғы солардың бірін
жаралапты. Хан ұлының оғы жаралаған ақсақ құлан оны шайнап өлтіреді.
Ақыры, күн ұясына қонар шақта, ханның мүрдесі табылады. Ажалы аңнан
келгені, я жаудан келгені белгісіз. Ханзада жоғалып кеткеннен кейін хан
бір жамандық болғанын сезеді де: «Кім маған балаң өлді деп келсе, соның
аузына балқыған қорғасың құямын», - дейді. Ханға баласының қаралы
хабарын жеткізуші адамның жазасы - өлім. Ханның сөзін естіп, адамдар
оған баласы туралы шындықты айтуға қорқады. Қара халықты өлім жазасынан құтқару үшін,
қаншама қатерлі болса да ханға естіртуді найманнан шыққан ұлы Кетбұғы жырау мойнына алады.
Жырау өзі сөйлемей, домбырасын сөйлетеді. Қу тақтай ызынап қоя берді. Домбыраны тартып
жатқан Кетбұғы емес сияқты, домбыраның өзі сөйлеп жатқандай көрінді. Күйді тыңдаған хан
бәрін түсініп, ашуланады. Күй тартылып біткен соң, қаһарына мінген хан Кетбұғы жырауды
жазалауға шешім қабылдады. «Қаралы хабар айтушының жазасы-өлім. Бірақ, Жошының қазасын
естірткен мен емес едім ғой! Мына домбыра емес пе еді, саған азалы хабарды жеткізген!»...Жаман
хабарды әкелген домбыраға қорғасын құйылсын деген бұйырық береді. Қайғылы хабарды домбы
ра жеткізгендіктен, оған ыстық қорғасын құяды.Осылайша беткі жағына кішкентай саңылау пайда
болыпты-мыс. Ата-бабаларымыздан қалған аңыз осылай толғайды. Найманнан шыққан ұлы жырау
Кетбұғы қаһарлы Шыңғысқа, сүйікті ұлы Жошының өлімін осылай естіртіпті деседі.Осылайша
«Ақсақ құлан» күйі халықты ханның қаһарынан қорғап қалған екен.
Достарыңызбен бөлісу: