«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалар
Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология
Ғылыми фантастика. Пунктуация
Оқылым
Тапсырма Мәтіндерді оқып, олардың стилін анықтаңыз және сөз
қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріңіз.
[5]
1-мәтін
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер
бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді
еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радио-
телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан
бері жарты ғасырдан астам уақыт ӛтсе де, еш нәрсе де ұмытылған жоқ. Соғыс
- атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылататын, қайғы-қасіретке толы
қаралы сӛз. Осыдан 74 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан
соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде
батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистер мақсаты жер
бетін отарлап билік құру еді. Ӛзара одақ құру арқылы Германия, Италия
секілді елдер бүкіл әлемді ӛздеріне қаратпақ болған. Тынышымен ӛмір кешкелі
жүрген халықтың берекетін алған фашистер жоспары іске аспай, ӛздері сол
соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақтан атсалысты.
Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта ӛз ізін қалдырды. Б.Момышұлы
Ә.Молдағұлова
М.Маметова
Т.Бигелдинов
М.Ғабдуллин
секілді
батырларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату ӛмірімізге, бейбіт
заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік. Қазіргі таңда батырларымыздың
ерлігіне орай шаралар ӛтуде, тіпті, есімдеріне байланысты кӛшелер, кітап-
жинақтары, ауыл атаулары берілді. Батырларымыз болашақ ұрпақ үшін жанын
құрбан етті.
2-мәтін
Ғылыми-фантастика жанрында Толкиннен кейінгі әлемге белгілі жазушы
Дж.Роулинг екеніне ешкімнің шүбәсі жоқ. «Гарри Поттердің басынан
кешкендері» атымен жарық кӛрген кітаптардың реті жетеуге жетіп, оның
жалпы таралымы 450 миллион данадан асып кеткен. Бір қызығы, бүкіл
еуропаның аңыз кейіпкерлері мен мифтік жануарларын Роулингтің
ғажайыптар әлемінен таба алады екенбіз, яғни кітаптағы Хогвартстың
фаунасы, шын мәнінде аңыздардан алынған. Гоблин (ағыл. Goblin) – адамға
ұқсастығы бар, аласа бойлы тіршілік иесі. Басы
денесімен салыстырмалы тұрғыда үлкендеу болып келеді. Негізі шотланд
аңыздарында гоблиндер ӛте ашушаң, соғысқұмар болып суреттелсе, Толкин
мен Роулингтің ғажайыптар әлемінде гоблиндерге ӛзгеше мінездеме беріледі.
Ақшаға ұқыпты (Гринготтс банкінің қызметкерлері), ӛте еңбекқор
(Грифиндорф қылышын гоблиндер жасаған) болып сипатталады.
Акромантул (ағыл. Acromantula) – алып сегіз кӛзді ӛрмекші. Кӛне кельт
аңыздарында кездесетін ӛрмекшінің үлкен тұқымдары адамның тілінде сӛйлей
алады. Осы тектес өрмекшілердің ең алыбы және негізін қалаушы Арагог. Ол
Хогвартсты айнала қоршаған 36 орманда ӛмір сүреді. Жалпы тұқымның
америкалық тарантуламен туыстығы бар деп зерттелген. Акромантулдардың
Отаны Борнео аралы болып саналады. Сиқыршылар оларды негізінен
қазынаны күзеттіру мақсатында алдырған. Мантикора (ағыл. Manticore) – грек
мифологиясында кездесетін басы адам, денесі арыстан, ал құйрығы шаяннан
алынған ӛте қауіпті құбыжық. Аңыздың астары бойынша мантикора ӛзінің
кезекті асын ӛлтіріп тынғаннан кейін мысық сияқты мияулайды екен. Ал оның
уы қылт етпей ӛлтіреді.
Тапсырма
1-мәтін
2-мәтін
Мәтін мазмұны
Мәтіндердің стилі
Мәтін аудиториясы
Мәтіннің
рәсімделуіндегі
айырмашылықтар
Қандай
ерекше
сөз
қолданыстары
бар.Мысалдар
келтіріңіз
Достарыңызбен бөлісу: |