Ұжымның түрлері.
Алғаш ұжым – мұнда тәрбиеленушілер үнемі іскерлік және тұлғааралық өзара
әсерде болады. Алғашқы ұжымның тұрақты және уақытша түрлері бар. Дамыту немесе
жетілдіруге қатысты алғашқы ұжымды ұйымдасқан әр түрлі жетілдіру қызметтері
(сыныптар, отрядтар, топтар); жетілдірудің бір ғана түріне негізделуі (кружоктар, клубтар,
секциялар. т.б.); тұрғылықты жері бойынша оның немесе басқа түрлері негізінде
ұйымдасқан жетілдіру іскерліктеріне ажыратуға болады. Жас ерекшеліктеріне қарай
алғашқы ұжым құрамы бір жастағы адамдардан құралғандай, әр жастағы да болуы
мүмкін. Педагогикалық ұжымның міндеті — жеке адамның басқа адамдармен қарым-
қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге бөлейтіндей етіп орнату. Ұжым өмірінде
гуманистік қатынас ерекше орын алады.
Гуманистік қатынас — ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды
дамытудық құралы. Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесіндеі
жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы,
гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Негізгі белгілері:
• сергектік, ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық
бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.
•
балалар
арасында
баңталастық,
өз
қамын
көздеушілік,
тұйықтык,
бөлектенушіліктің болмауы.
• басқа ұжымдарға жолдастық көмек беруге дайын тұру.
Достарыңызбен бөлісу: |