Лекция тақырыбы: Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері. Лекция жоспары: Ұжым. Ұжымның түрлері Ұжымды басқару мүшелері. Ұжым



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата31.12.2021
өлшемі298,31 Kb.
#21242
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5-лекция (1)

Ұжымды басқару мүшелері. 

Сәтті функцияланған оқушылар ұжымы оларды ортақ мақсаттарына қарай бағыттап 

отыратын ұжымның бас мүшелерін керек етеді. Ұжымның басты ұйымы жиналыс болып 

табылады.  Оперативті  тапсырмалардың  орындалуы  үшн  староста  және  профорг 

сайланады.  Топтың  бас  мүшелері  осылар  болады.  Белсенді  топтардың  қарастыратын 

мәселелері төмендегілер: үлгерімді жоғарылату, нашар оқушыларға көмектесу, экзаменге 

дайындық, тәртіптің мықтылығы, мәдени шаралар жүргізу т.б. 

Белсенді топтардың жұмыстары әр түрлі формада келеді. Олар: индивидуалды және 

топтық  инструтаж,  кеңесулер  және  тәжірибе  алмасу  семинарлары,  т.б.  Актив  топтармен 

жүйелі  түрде  жұмыс  жасау  керек:  индивидуалды  кеңестерді  активист  жұмыстарын 

анализдеу;  оның  топтағы  нақты  тіркелген  жағдайының  тапсырмасын  анықтау,  кеңес 

рекомендацияларын  белсенді  қабылданғандығын  тексеру  ,  өзі  үшін  қандай  қортыдылар 

жасады  осыны  барлығын  тексеру.  Топ  кеңестерінде  оқудағы  қорытындылар, 

конференцияға дайындық,, шығармашылық қабілет мәселелері т.б. қаралады. 

Белсенді  ұйымдастыру  –  бұл  тұтасқан,  мықты  оқушылар  ұжымының  ұйымдасуына 

алғашқы  қадам  болмақ  .Мұндай  ұжымдардың  әрекеті  тәрбиесіне  де  зор  үлесін  қосады. 

Сапалы  білім  мен  тәрбие  алудағы  басты  ролді  оқушылардың  өздері  иеленуі  тиіс. 

Ұжымның  жұмысын  оның  мүшелері  жауапкершілікті  тек  өздері  үшін  ғана  емес  жалпы 

ұжым үшін де сезінетіндей етіп ұйымдастыру қажет. 

Ұжымды  қалыптастыруда,  ұжым  мүшелеріне  тапсырмалардың  дұрыс  бөлінуі  де 

маңызды орын  иеленеді.  Әрбір  оқушы  өз  тапсырмасын орындау  барысында  топ  ісіне  өз 

үлесін  қосып  отырады.  Сондықтан,еңбек  тәртібіне,  жүріс-тұрыс  мәдениетіне,  еңбек 

қауіпсіздігіне дайын өнімді тапсыру мен ОТК –ға жауаптыларды тағайындау керек. 

Ұжым уақытша, оқушылық, тәрбиелік болып бөлінеді. 

Уақытша ұжым - шектеулі уақытта құрылып, берілгені уақыт көлемінде өз қызметн 

атқарып, өмір сүруін тоқтады. 




Бұл  ұжым  өзінің  уақытша  екеніне  қарамастан  тұлғааралық  қарым-қатынас  пен 

уақытша  ұжымдағы  жұмыс  істеу  деңгейі  жоғары  болуы  мүмкін.  Бұл  ойлары, 

қажеттіліктері бір жерден шыққан оқушылар мен оқытушылар тарапынан жүзеге асады. 

Профессионалды  оқу  орнының  ұжымы  басқа  ұжымдардан  өзінің  оқыту 

жұмыстарымен  ерекшеленеді.  Мұндай  іскерліктің  мақсаты  тек  қана  білім  алу  емес, 

сондай-ақ  қабілеттілік,  кей  жағдайда  тіпті  өнімі  шығару  болып  табылады.  Аталмыш 

ұжымға  қатынас  спецификацияся  ондағы  оқушылардың  жас  ерекшеліктерімен  және 

педагогикалық  емес  ұжым  құрылымымен  анықталады.  Топты  басқару  өндірістік 

оқытудың шебері және сынып жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады. 

Ұжым  құрылымының  нәтижесінің  көрсеткішіне:  ортақ  пікір  білдіру  мен  талпыныс 

таныту  тұтастығы,  мақсатқа  жетудегі  бірізділік  және  табандылық,  іскерлік  және 

тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және сақтап қалу шеберлігі жатады. 

Тәрбиелік  ұжым  оның  мүшелерінің  өзін-өзі  тануына,  дамытуына  зор  үлес  қосады. 

Мұндай  шағын  ұйымдар  оқушылар  мен  мұғалімдердің  бірігіп,  жеке  экономикалық 

мәселелерді  шешіп  отыру  үшін  құрған  топтары.  Бос  уақытқа  арналған  ұйымдар 

оқушылардың  сенімділігін  ,  мәнерлі  сөйлеуін,  қабілеттерін,  адамдармен  қарым- 

қатынасын жасау мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет