Байланысты: akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi
§ 62. Біздің байқауымызша, күрделі сөздерді 1) күрделі-бірік-
кен сөздер (сложно-слитные слова), 2) күрделі-құрама сөздер
(сложно-составные слова), 3) күрделі-қос сөздер (сложно-парные
слова), 4) күрделі-қысқарған сөздер (сложно-сокращенные слова)
деп төрт топқа бөлу дұрыс болмақ.
§ 63. Ал кіріккен сөз дегенге келетін болсақ, оның табиғаты
мынандай:
Құрастырушы сыңарларының эрі фонетикалық өзгерістерге
үшырауынан, эрі ықшамдалуынан жасалған апар (алып+бар), экел (апып+кел), бүгін (бүл+күн), биыл (бүл+жыл), білезік (білек+жүзік) тэрізді сөздерді тарихи тұргыдан алғанда ғана,
күрделі сөздердің қатарына жатқызуға болады. Қазіргі тілдің
тұргысынан алғанда, бұл сөздер (апар, экел, бүгін, бгіыл, білезік жэне т.б. осылар тәріздес сөздер) өзін құрастырушы сыңарларга
(морфемаларға) ажыратылмайтын сөздер ретінде ұғынылады.
Алгашында екі түбірдің бірігуінен жасалып, тілдің даму
барысында сыңарлары дыбыстық жэне мағыналық өзгерістерге
үшырап, соның нәтижесінде ол сыңарлардың бір-біріне әбден
кірігіп сіңісуінен жасалған сөздер бір екпінге бағынады да, кұ-
рамындағы дауысты дыбыстар сингармонизм заңы бойынша не
біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке болып, барлық жағынан жалаң
сөздерге тэн қасиеттерге ие болады. Мәселенің осы жағын ескере
келіп, И.В. Арнольд агылшын тіліндегі осылар тәріздес сөздерді
негізі сіңіскен сөздердің (слова с опрощенной основой)' қатары-